Басты бет / Допинг / ТИГИЕВ МЕДАЛЬІН ЕШКІМГЕ БЕРМЕЙДІ

ТИГИЕВ МЕДАЛЬІН ЕШКІМГЕ БЕРМЕЙДІ

Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері, күрес шебері Таймұраз Тигиев допинг дауына байланысты атағынан айырылды. Бірақ «Слово» газетіне берген сұқпатында медальін ешкімге бермейтінін айтты.

«Бұл жаңалықты естігенде аса қиналмадым. Ешкімге ақталмаймын. Рұқсат етілген дүниелерді жасаған емеспін. Ақталатын дымым да жоқ. Бұл медаль — МЕНІКІ! Мен медальім жолында жастық өмірімнің барлығын құрбан еттім. Тер төктім, еңбектендім және ешкімге бермеймін. Пекин Олимпиадасы алдында да, өткеннен кейін де сынама тапсырдық. Ештеңе заңға қарсы келмеді», — деді Тигиев.

Балуанның айтуы бойынша сегіз жыл бұрынғы нормалардың барлығын сақтаған. Ал қазіргі жағдай жоғарғы жақтың политикалық ойыны ғана.

«8 жыл өткеннен кейін политикалық ойындарын ойнап жатыр. Неге соңғы 3-4 айда допинг дауының барлығы Ресейге қатысы бар спортшыларға келіп тірелуде? Неге еуропа, неге Америка емес? Тіпті о дүниелік адамда да қозғауға батылдары барып отыр», — деп таңғалады балуан.

Сондай-ақ

ЗИНЕДИН ЗИДАН ЖЕТІ АЙ БОЙЫ ЖЕҢІЛІП КӨРМЕГЕН

  Зинеден Зидан баптайтын «Реал Мадрид» командасы жеті ай бойы жеңіліссіз келеді. Соңғы рет Мадридтік …