УЕФА Ұлттар лигасының төртінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы Латвия құрамасымен кездесу өткізеді.
Кездесу бүгін, 16-шы қазан күні елордамыз Астана қаласының «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де, ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Естеріңізге салсақ, Ұлттар лигасының үш кезеңінің нәтижесі бойынша, D лигасының 1-ші тобында Грузия құрамасы тоғыз ұпаймен көш бастап тұрса, ал Андорра, Латвия және Қазақстан құрамаларының әрқайсысы екі ұпаймен екінші мен төртінші орындарға жайғасқан.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан