Астана қаласында футболдың мән-жайы талқыланған жиын өтті. Федерация мүшелері жаңа басшыға кандидаттарды жариялады
«Қайрат» пен КСРО құрамасында ойнаған Сейділдә Байшақов ҚФФ президенті қызметіне үміткер ретінде қаралды, деп хабарлайды ұйымның ресми сайты.
Сейділдә Байшақовты президенттік қызметке аймақтық федерациялардың мүшелері ұсынған. Басшылар кеңесі Астанада өтті. Кеңес барысында 2017 жылғы қаржы қоры мен аймақтарға қаржы бөлу мәселесі қаралды. Байшақовқа аймақтық федерациялар өкілдері бірауыздан дауыс беріп, оны ҚФФ президенті қызметіне үміткер ретінде ұсынды.
Естеріңізге сала кетейін, Ерлан Қожағапанов 28-ші қазан күні қызметінен өз еркімен кеткен болатын.