Қазақ күресінің аңыздары Тимур Құлыбаев пен Арыстанбек Мұхамедиұлына хат жолдады.
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына және Ұлттық Олимпиада Комитетінің президенті Тимур Құлыбаевқа бес бірдей елімізге еңбегі сіңген спорт шеберлері хат жолдады. Олар: 1980 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Күміс жүлдгерелер Дәулет Тұрлыханов пен Ислам Байрамкулов және Қола жүлдегерлер Әсет Мамбетов пен Даниял Гаджиев.
«Біз бүкіл өмірін Қазақ күресінің дамуына арнап, елімздің абыройын қорғау үшін талай жылдар бойы үзіліссіз ауыр еңбек етіп, талай ауыр белдесулер өткізіп, талай кілемді тоздырған мамандар, өзіміздің сан жылдар бойы жинаған тәжірбиемізбен бөліскіміз келеді», — делінген хатта.
Атақты балуандар соңғы Олимпиада ойындарындағы нәтижелерді есепке ала отырып, мынадай тұжырымға келген: «Күрес түрлерін дамытудағы стратегияны толықтай өзгертіп, жаңа жоспар құру керек. Жаңа толқан балуандарды дайындауды, Олимпиадаға іріктеуді басқа сатылармен өткізу қажет.».
«Біз Күрес федерациясының өкілдерін ашық әңгімеге шақырамыз. Барлық мәселелерді бұқаралық ақпарат өкілдері және осы салаға қатысы бар мамандармен бірге талқылауымыз керек. Бүкіл халық сүйіп көретін, кезінде тұрақты түрде жүлде алып тұрған спорт түрінің құлдырап бара жатқанына көз жұмып қарап отыра беруге болмайды. Кезінде әр сайыс сайын еліміздің намысын бермей, бірнеше жүлде еншілейтін кездерді халық сағынды», — деп жазылған ашық хатта.
Бестіктің хаты қазақ күресінің дамуы мен өркендеуіне бағытталған.