Басты бет / Басқа түрлер / ҚУАТ ХАМИТОВ ЕЛІНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНБЕЙДІ. БІЗ ДЕ

ҚУАТ ХАМИТОВ ЕЛІНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНБЕЙДІ. БІЗ ДЕ

 

Қуат Хамитов өзінің парақшасында шындықты айтты. Дұрыс айтты!

«Бүгін менің жүрегім жараланды! Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Азия және Еуропа чемпионаттарының чемпионы Көлік Жөндеу Орталығында жұмыс жасайды!

Мен кішкентай кезімде чемпиондардың дымсыз қалған кезін көп көргем. Сол кезден-ақ, мені көшеде қалдыратын болса мен ол елдің атын неге шығарамын деп ойладым. Спортшылардың қиын жағдайын көру ауыр болды. Сондықтан спортты жаңа деңгейге шығарсам деген ой, арман туды. Күрестен ММА-ге ауысуымның басты себебі осы.

Мен елді өзіме қарататындай шоу жасадым, әдемі кездесулер, тартысқа толы жекпе-жектер ұйымдастырдым. Сонда ғана халық бізді көріп, қалай еңбек еткенімізді, еліміздің туын қалай көтергенімізді көрді! Мен білдім, мүмкін бүгін емес, бірақ менен кейінгі буын көшеде  елеусіз қалып, қиындық көрмеуі керек.

Бірақ бүгін мен көрген бейне жүрегімді қатты жаралады. Нелікен Олимпиада жүлдегеріне қамқор болатын бір адам табылмады? Біз бар болғаны 16 млн ғанамыз ғой! Чемпиондарымыз санаулы ғана. Біз өте бай елде тұрамыз (Мы же живём в еб…ной богатой стране!).

Спорт Министрі және әкімдер не қарап отыр? Мынадан кейін бала-шағамызды спортқа қалай береміз?  Бізде денсаулығы мықты ұрпақ қайдан пайда болмақ?

Елімізде өзін патриот санайтындар өте көп, бірақ елін сүйетіндер аз! Әркім өз-өзін ғана ойлайды, болашақта шаруасы жоқ….

 

 

Сондай-ақ

АСТАНА-АРЕНАНЫҢ ШАТЫРЫ ЖАБЫЛАТЫНЫ ҚАНДАЙ ЖАҚСЫ

  Грекия елінің Sportdog.gr спорт порталы Еуропа Лигасы топтық кезеңінің  төртінші кездесуі алдындағы «Астана» — «Олимпиакос» ойынына баға …