Қызылордада гандбол спортынан клубтық Азия чемпионаты жалауын көтерді.
Қызылордада гандболдан әйелдер арасында Клубтар лигасының бірінші Азия чемпионаты жалғасуда.
Оған алты команда қатысып жатыр. Жарыстың екінші күнінде Өзбекстан мен Алматы өзара шеберлік байқасып, алматылық қыздар 22:31 есебімен басым түсті. Одан кейін Катар мен «Іле» кездесіп, Алматы облысының командасы 19:35 есебімен жеңіске жетті.
Артынша «Қайсар» мен Иран бақ сынасып, жерлестеріміз намысты қолдан бермеді. Есеп 28:24.
Келесі ойындар 29 қазан сағат 14.00-де басталады.
14.00 Алматы – Катар
16.00 Иран – Өзбекстан
18.00 Іле — Қайсар