ҚХЛ: «АВАНГАРД» — «БАРЫС» ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Құрлықтық хоккей лигасы он бесінші кезеңі аясында «Барыс» сырт алаңда омскілік «Авангардқа» қарсы ойын өткізеді.

Ойын бүгін Астана уақыты бойынша сағат 20:30-да басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Барыс» өткен ойынын өз алаңында өткізіп, қарсыласы ригалық «Динамодан» 3:1 есебімен басым түскен болатын.

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының 14-ші кезеңінен кейін, шығыс аймағында 20 ұпаймен 7-ші орында келеді.

Сурет: Hcbarys.kz сайтынан

Бөлісу: