Басты бет / Соңғы жаңалықтар / ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ӘБІЛ ҚАЛЫМБЕТОВ ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

 

Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған Футболдан республикалық турнир аяқталды.

2-7 қараша аралығында футболдан Қызылорда облысының шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды.
Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Арал, Қазалы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарынан және Қаратау, Қызылорда қалаларынан 8 команда қатысты.
Мақсаты — балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойынын дамыту, олардың спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау, салауатты өмір салтын насихаттау, Ә.Қалымбетовты еске алып, ұлықтау.
Жарыс нәтижесінде Қызылорда қаласы«Қайсар» футбол орталығының командасы көш бастаса, екінші орындыҚаратау қаласы, үшінші орынды облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің футбол жөніндегі № 6 спорт мектебі иеленді.
«Үздік қақпашы» — ЕрханСұлтанбек (Жалағаш)
«Үздік қорғаушы» — Нұрислам Бегалы (Қызылорда қ.)
«Үздік жартылай қорғаушы» — Нұрболат Ертас (Жаңақорған)
«Үздік шабуылшы» — Нұрзәт Мақсатұлы («Қайсар» ФО)
«Үздік ойыншы» — Дамир Жамбылұлы (Қаратау қ.)
«Үздік ойыншы» номинациясының иегері Д.Жамбылұлына Ә.Қалымбетовтың жұбайы Дана Абылайқызы өзінің арнайы сыйлығын табыстады.
Жеңімпаз және жүлдегер командаларғадиплом, медаль, кубоктар табысталса, номинация иегерлері диплом, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА — ҚОС ҚАЗАҚТЫҢ АРУЫ

Акробатикалық фристайлдан қыздар арасындағы жекелей сын өз мәресіне жетті. Алтынға тұрарлықтай өнер көрсете білген, қазақтың …