«МАН СИТИ» ӘЛЕМДЕ СОҢҒЫ 8 ЖЫЛДА ОЙЫНШЫ САТЫП АЛУҒА ЕҢ КӨП ҚАРАЖАТ ЖҰМСАҒАН КЛУБ

Футбол көрсеткіштеріне зерттеу жүргізетін швейцариялық CIES Football Observatory компаниясы, 2010-шы және 2018-шы жылдар аралығындағы клубтардың трансферлік ауысымдарын зерттеп, қорытындысын шығарды.

Ойыншы сатып алу бойынша көш басында «Манчестер Сити» клубы тұр. Ағылшындық клуб 8 жылда 1,47 миллиард еуро жұмсаған.

Сондай-ақ, үздік бестікте «Челси» (1,31 млрд), «Барселона» (1,26 млрд), «ПСЖ» (1,24 млрд) және «Манчестер Юнайтед» (1,1 млрд) клубтары тұр.