УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Арсенал» өз алаңында «Ворксла»-ға қарсы ойын өткізеді.
Лондон қаласындағы 59 867 көрермен сиятын «Эмирейтс» стадионында өтетін кездесу бүгін, 20-шы қыркүйектен 21-ші қыркүйекке қараған түні, Астана уақыты бойынша сағат 00:55-те басталады. Ал «Qazaqstan» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға бельгиялық маман Барт Фертентен өз тобымен төрелік ететін болады.
Айта кетсек, Е тобында «Арсенал» мен «Ворксла» клубтарынан бөлек, португалиялық «Спортинг» және әзербайжандық «Карабах» клубтары өнер көрсетеді.