Баку қаласында өтіп жатқан дзюдодан Әлем біріншілігінде 48 келі салмақта Галбадрах Отгонцэцг қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық дзюдошы қыз Бразилия жəне Испания спортшыларынан басым түсіп, өз тобындағы соңғы кездесуде болашақ чемпион, украиналық Дария Белодедке жол берді.
Жұбаныш белдесуінде Галбадрах словениялық Маруся Стангарды жеңіп, қола медаль үшін күресте моңғолиялық Урантетсег Мухбаттан басым түсті.
Бұл, Қазақстан Ұлттық құрамасының Әлем біріншілігіндегі әзірге бірінші жүлдесін Галбдарах қоржынға салды.
Сурет: Olympic.kz сайтынан