УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 2-ші кезеңі аясында «Милан» өз алаңында «Олимпиакосқа» қарсы ойын өткізеді.
Кездесу бүгін Милан қаласындағы «Сан Сиро» стадионында өтеді. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:50-де басталады. Ал «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Ойынға шотландиялық маман Бобби Мэдден өз тобымен төрелік ететін болады.
Естеріңізге салсақ, F тобында «Милан» мен «Олимпиакос» клубтарының ойынынан бөлек, «Бетис» пен «Дюделанж» кездесу өткізеді.
Сурет: «Qazsporttv» Instagram парақшасынан