Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Флойд Мейвезер, UFC жауынгері Хабиб Нурмагомедовтың жекпе-жекке шақыруын қабыл алды.
Менеджер Дехуан Блэйк инстаграм парақшасында, Хабиб Нурмагомедовтың Флойд Мэйвезерді жекпе-жекке шақырған бейнеүндеуін жариялаған болатын.
Бокс аңызы көп күткізбей Instagram парақшасында жауап берді.
«СBS, Showtime және MGM Grand кассаларыңды дайындаңдар.
ЛАС-ВЕГАСТЫ ТАҒЫ ДА ШУЛАТАМЫЗ!», — деді Флойд.