Тайланд елінде жастар арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы үшінші алтынын еншіледі.
75 келі салмақта Ольга Пастухова 211 (91+120) келімен чемпион атанды. Екінші орын алған өзбек спортшысы отандасымыздан 4 келіге қалып қойды.
Тағы бір Қазақстандық спортшы Мария Базаркина (83+105) 188 келімен алтыншы орыннан көрінді.
Дәл қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында үш алтын, бір күміс және екі қола медаль бар.