Футзалдан Еуро-2018 негізгі іріктеу кезеңінің топтық ойынында Қазақстан құрамасы Македония құрамасымен кездесті.
Ойынның басты фавориті саналған Қазақстан құрамасы басымдықты қолына алып, бірден шабуылға кірісті. Қарсылас қақпасына бірінші болып Лео гол соқты. Ойындағы екінші гол Қазақстан құрамасының керемет комбинациясынан соң орын алды. Шабуылды сәтті аяқтаған «Қайрат» клубының ойыншысы Серік Жаманқұлов болатын.
Естеріңізге салсақ, біздің топтағы бірінші өткен ойында Чехия құрамасы Данияны 5-4 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, өз тобында бірінші орын алған құрама бірден Еуропа чемпионатына жолдама алады. Ал екінші орындағы команда қосымша жолдамаға таласуға мүмкіндік алады.
Қазақстан – Македония 3:0
Қазақстан: Шамро, Игита, Кнауб, Жаманқұлов, Лео, Сүлейменов, Довгань, Есенаманов, Першин, Иманлин, Дуглас, Оразов, Тұрсағуұлов, Акбаликов
Македония: Петровски, Левески, Исмаили, Крестовский, Глигоров, Леовский, Микевский, Агуши, Петровик, Тодоровский, Петровский, Соуза, Сефери, Удовалиев
Голдар: Лео, Жаманқұлов, Акбаликов
Ескертулер: Жаманқұлов