Басты бет / Мақала / ҚАЗАҚСТАН АРМЕНИЯДАН ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

ҚАЗАҚСТАН АРМЕНИЯДАН ТӨРТІНШІ РЕТ ЖЕҢІЛДІ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем біріншілігінің іріктеу матчында Армениямен кездесу өткізді. Ереванда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 2-0 есебімен аяқталды. Әзірше бесінші турдан кейін Қазақстан ұлттық құрамасы 2 ұпаймен «Е» тобында соңғы орында келе жатыр.

Матчтың бірінші таймы алма кезек шабуылмен өтті. Қос команда да гол соғатын мүмкіндікке ие болды. Алайда есеп ашылмады. Дегенмен аса қауіпті сәтке алаң иелері ие болды. Мхитарянның ұрымтал сәттердің бірінде тепкен добы қақпа бағанына тиген еді. Екінші таймда Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушы Сергей Малый екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылған. Араға бірнеше минуттар салып Генрих Мхитарян мен Араз Озбилиз гол соғып, алаң иелеріне жеңіс алып келді.

Армения — Казахстан 2:0 (0:0)
Голдар:
Мхитарян 73 (1:0), Озбилиз 75 (2:0)
Ескерту: Саркисов 28, Ароян 48, Озбилиз 77 — Бейсебеков 18, Малый 19, Тағыберген 53
Алаңнан қуылды: Малый 64
Армения: Бегларян, Ароян, Восканян, Андонян, Малакян, Пиззелли (Манучарян 65), Казарян (Барсегян 5), Саркисов (Озбилиз 70), Оганесян, Мхитарян, Айрапетян
Қазақстан: Лория, Малый, Қуат (Дмитренко 81), Тұңғышбаев (Мужиков 79), Тағыберген, Исламхан (Байжанов 87), Нұрғалиев, Суюмбаев, Нөсербаев, Шомко, Бейсебеков

  • Бұл — Армения мен Қазақстанның өзара алтыншы кездесуі (Арменияда 4 жеңіс, 1 тең нәтиже, Қазақстанда 1 жеңіс)
  • Қос құрама арасындағы алғашқы кездесу  2004 жылы Кипрдегі турнирде өткен. Матчтың негізгі уақыты 3-3 есебімен тең аяқталған. Ал матч соңындағы пенальтиден Қазақстан 3-2 есебімен басым түскен.
  • Ал осыдан дәл 9 жыл бұрын (26.03.2008) қос команда Голландияның Пернис қаласында жолдастық кездесу өткізіп, Армения 1-0 есебімен жеңіске жеткен.
  • Қазақстан Арменияны соңғы рет 10 жыл бұрын жеңген (Армения 0-1 Қазақстан, 07.11.2007, ЕУРО-2008 іріктеу матчы)
  • Қазақстан ұлттық құрамасы 7 ойын қатарынан жеңіске жете алмай келе жатыр (2 тең нәтиже, 5 жеңіліс).
  • Қазақстан ұлттық құрамасы соңғы рет Қытайға қарсы жолдастық кездесуде жеңіске жеткен (07.06.2016 ).
  • Дәл қазір Армения әлем рейтингінде 85-орында келе жатыр, ал Қазақстан 94-орында тұр.
  • Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Александр Бородюк ұлттық құрама сапындағы екінші кездесуін өткізді. Төрт күн бұрын Қазақстан Кипрге қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 3-1 есебімен жеңіліп қалған еді (22.03.2017  Кипр 3-1 Қазақстан).

«Е» тобындағы турнирлік жағдай:

143/1/010-510 ұпай
242/1/19-47
342/0/27-56
452/0/36-106
541/2/16-45
650/2/33-132

Айта кетейік, «Е» тобындағы  Черногория мен Польша және Румыния мен Дания арасындағы кездесулер әлі басталмады. Осы турдан кейін ұлттық құрамалар маусымға дейін демалыс алады. Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы келесі матчын 10 маусым күні өз алаңында Данияға қарсы өткізеді.

 

Сондай-ақ

4 ТУР ҮЗДІКТЕРІ

dodasport.kz порталы төртінші турдың үздік құрамын анықтады