Қытайдың Шанхай қаласында садақ ату спортынан әлем кубогының бірінші кезеңі өтуде. 16-21 мамыр аралығында өтетін бәсекеге әлемнің ең үздік мергендері жиналған.
Құрамында Санжар Мусаев, Денис Ганкин және Ойбек Саидиев бар Қазақстан құрамасы командалық жарыста жеңіске жетті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты.
Ең алғашқы бәсеке АҚШ құрамасымен өтті. Қазақстандық команда 3:5 есебімен басым түсті. Ресейліктер мен Жапондықтар 4:5 есебімен біздің жігіттерге есе жіберді. Финалда тартысты өткен бәсекеде Оңтүстік Корея спортшыларын 11:12 есебімен ұтып, алғашқы әлем кубогының жеңіспазы атандық.