Басты бет / Қысқы спорт / ДЕНИС ТЕН ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ШЕБЕРЕЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

ДЕНИС ТЕН ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ШЕБЕРЕЛІК САҒАТЫН ӨТКІЗДІ

Әйгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен «Алматы Арена» мұз сарайында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Төрешілермен іріктелген 20 дарынды жеткіншектер үш күн бойы Денис Тенмен, сондай-ақ, басқа да әйгілі тұлғалармен жаттығуға мүмкіндік алды.

— Біз жекеленген түрде шеберлік сабақты алғаш рет өткізудеміз. Қазіргі таңда, мәнерлеп сырғанау қарқанды дамып, елге танылып келеді. Мегаполисте мұздағы шоу, Азия ойындары – 2011 және Универсиада-2017 сияқты ірі спорттық шаралар сәтті өтіп, мыңдаған еріктілер қатарын жұмылдырды. Биылғы жылдың басты додаларының бірі қатысушы елдер саны бойынша рекордтық көрсеткіш орнатты. Бұл жайт бүгінгі шараға да оңынан әсер етті. Осыған орай, мен «Биікке ұмтыл» шеберлік сабағын өткізуге шабыттандым. Осы шара аясында біз мұз семинарлары, тренингтер бойынша жалпы физикалық дайындық, би үйірмелері, қызықты адамдармен дәрістер ұйымдастырамыз. Бидің хас шебері, еліміздің ең үздік бишісі Серік Ташанов спортшыларға биден сабақ берсе, әлем чемпионы, арнайы қонақ, аты аңызға айналған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Алексей Ягудин маған мұзда көмектесетін болады. Бұған дейін, ол алып шаһарда бірнеше шеберлік сабақтарын өткізген, уақыт тауып келгені үшін алғысым шексіз. Сонымен қатар, әртіс Чингиз Капин мен атақты бағдарламашы, жас кәсіпкер Арман Сулейменов өз дәрістерін береді. Олар балаларға мәнерлеп сырғанау сияқты кешенді спорт түрінде актерлік шеберлік пен білім алу маңыздылығын түсіндіреді, — деп атап өтті Денис Тен.

Сондай-ақ, ол ұйыдастырушыларға, демеушілерге қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Денис Тен үш күн бойы семинар мен жас дарындарды дайындау бойынша әдістерімен бөліседі.

— Осы шараны ұйымдастыруда көмек көрсеткен демеушілерге алғысымды білдіремін. Мен өзіндік бір бренд құрып, болашақта үшкүндік қана емес, ауқымдырақ шаралар өткіземіз деген ойдамын. Эстафеталар мен жарыстар спортшыларға өз орнын тауып, келешекте өз ісінің майталманы атануға септігін тигізеді. Менің басты міндетім балалармен өз тәжәрибиеммен бөлісіп, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын жан-жақты үйрету, — дейді Денис Тен.

Сонымен қатар, әйгілі спортшы болашақта өз академиясын ашуға жоспарлайтынын жасырмады, онымен қоса, оның қалай жұмыс істейтінін де атап өтті:

— Болашақта өз академиямды ашуым мүмкін, онда балалар тек мәнерлеп сырғанаумен ғана емес, сондай-ақ, жан-жақты болу үшін басқа да спорт түрлерімен шұғылдана алатын болады. Спорт – уақытша ғана, оның түріне байланысты 20-25 жылға ғана созылады. Содан соң не болмақ? Ең маңыздысы, балалардың ата-аналары спорт оларға жай ғана конькимен сырғанау, безі көтеру, жақсы жұдырықтасу емес, оның берер мәні сан алуан. Спортпен шұғылдана отырып, олар сабақ алады, төзімділік пен еңбекқорлыққа үйренеді. Спорттық мансаптан соң да мүмкіндіктер баршылық екенін ата-аналар жақсы түсінуі қажет. Мен осындай бағдарманы құруды армандаймын. Ол балаларды бастан-ақ, түрлі үйірмелерге қатысып, спорттың қай түрінен дарынды екенін, қай салаға жақынырақ екенін анықтауға көмектеседі. Менің ойымша, мәнерлеп сырғанаушы музыкалық білім негіздерін меңгеруі қажет. Балалар қосымша шахматпен айналыса алады, ол спортшының ойлау қабілетін дамытады. Спорттың қай түрі болмасын, стратегиялық күш, логикалық ойлау маңызды факторлардың бірі. Кез келген істе, кез келген аспект – көптеген факторларлдың жиынтығы, егер оларды біріктірсек, кез келген іс тиімді жүзеге асады. Идеялар көп. Олар күтпеген жерден келеді, мен оларды жазып, іске асыруға тырысамын. Аздаған уақытта, жоғарғы деңгейдегі спортшыларды дайындайтын кәсіпқой академия құрылатынына сенімдімін, — деп қорытындылады әйгілі мәнерлеп сырғанаушы.

Айта кетер жайт, бұл шеберлік сабағы тегін өткізіледі. Денис Тен 2012 жылдан бері шеберлігімен бөлісіп келеді. Өткен жылы, «Халык Арена» мұз сарайының ашылуына орай, ол болашақ чемпиондарды жаттықтырған. Денис Тен туған қаласына Сочиден оқу жаттығу жиынан оралды.Ол алда Италия мен Канадада бағдарламаларын қойып, 2018 жылы Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты бастайды.

Шеберлі сабақтарының кестесі:

— 17 мамыр –Денис Теннің шеберлік сабағы

— 18 мамыр – Алексей Ягудиннің шеберлік сабағы

— 19 мамыр – Денис Тен мен Ягудиннің шеберлік сабақтар

Сондай-ақ

ЖӘНІБЕК ӘЛІМХАНҰЛЫ: КӘСІПҚОЙ БОКСҚА БІРЖОЛА АУЫСПАЙМЫН

Астанада өтетін Қанат Ислам айқасының андеркартында Рио-де Жанейро олимпиадасына қатысушы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы да …