17-19 наурыз аралығында Грекияның Афина қаласында джиу-джитсудан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың алғашқы күні жеті спортшымыз сынға түсіп, төртеуі жүлдегер атанды.
Неваза бойынша сынға түскен Айтенов Дәурен финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Одан бөлек, Нортаев Дархан, Нұрмұханбетов Жандос және Мухоротов Владислав қола жүлдегер атанды.
Жастар арасындағы әлем чемпионатына 45 елдің өкілдері жиналған. Ертең ұлттық құрамадан 11 спортшы файтинг және неваза түрлері бойынша сынға түседі.