Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕКІ ЧЕМПИОН

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КҮНІ ЕКІ ЧЕМПИОН

17-19 наурыз  аралығында Грекияның Афина қаласында джиу-джитсудан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Жарыстың екінші күні он спортшымыз сынға түсіп, алтауы жүлдегер атанды.

Құрамаға алғашқы медальді Аслан Қанатбек алып келді. Оның ізін сала Сұңғат Закарин де чемпион атанды. Бұл Қазақстан джиу-джитсуы үшін керемет нәтиже екені сөзсіз.

66 келіде файтинг түрі бойынша чемпион атанған Сұңғат Закарин:

«Бұл менің бірінші әлем чемпионатындағы бәсекем. Бүгінгі көрсеткішім әрине өзім үшін рекорд. Менің салмағымда Грекия, Израиль, Румыния секілді мемлекеттерден 22 спортшы сынға түсті. Финалда Румыниялық спортшы қарсылас атанды. Кездесу мен үшін жеңіл бола қоймады. 14:5 есебімен жеңдім. Жаттықтырушыларым Болат Дүйсенбиев пен Ербөлек Құдайбергеновке алғысымды білдіремін», — деді Сұңғат.

55 келіде Аслан Қанатбек те файтинг түрі бойынша чемпион атанды. Ол финалда Италиялық спортшымен жекпе-жекке шықты.  Одан бөлек файтинг түрі бойынша Бисенғалиев Қазақбай 50 келі салмақта күміс, Ермек Рахат 46 келіде және Тлепова Әлия 62 келіде қола жүлдегер атанды. Неваза түрі бойынша Елдосқызы Ботакөз 52 келіде қола медаль иеленді.

Екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан спортшылары жалпы саны 10 медаль еншіледі.

 

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …