Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Джиу-Джитсу / БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН «Arlan Grip Selection» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

БРАЗИЛИЯЛЫҚ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН «Arlan Grip Selection» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бразилиялық джиуджитсудан ересектер арасында Arlan Grip Selection халықаралық турнирі аяқталды

Бүгін бразилиялық джиу-джитсудан «Spring Open»-Arlan Grip Selection халықаралық турнирінде  ересектер додаға түсті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен, көршілес елдерден 140-қа жуық спортшы Алматыда «Арлан Грип Арена» спорт кешенінде бас қосып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл турнир IBJJF ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері бойынша өтті.

Жарыс төрешілердің ереже түсіндіруімен басталды. Олар қатысушыларға тыйым салынатын тәсілдерді көрсетіп, спортшының  қандай жағдайларда шектелуін,сондай-ақ, джитсерлер төрешілер шешімімен, ауыртпа тәсілдермен және де ұпай арқылы жеңіске жете алатынын атап өтті.

Айта кететін жайт, турнирге ұлдармен қатар, қыз балалары да қатысты. Көпшілігінің айтуынша, осы спорт түрі қыздарға лайықты. Бразилиялық джиу-джитсуда ақыл  мен техника, физикалық деңгейге қарағанда басымдау.

Арайлым Мекенбаева бразилиялық джиу-джитсудан Arlan Grip Selection халықаралық турнирінің жеңімпазы:

— Финалдық кездесу тез өтті. Біз 20 секунд қана белдестік, мен алдын ала ауырпа тәсілмен қарсыласымды жеңдім. Әрине, финал болғаннан кейін қобалжу болды. Бірінші тартысты: «гард пул», «клоуз гард» және «үшбұрыш» әдістерімен жеңсем, финалда — «гардқа кіру», «маунт», «кимура» арқылы алтынды олжаладым. Жалпы, джиу-джитсу – көбінесе миды жаттықтыру, физикалық дайындық емес. Осылайша, біз ой-парасатты дамытамыз, тез шешім қабылдаймыз, сонымен қатар, өзімізді қорғай аламыз. Сондықтан, бұл спорт түрі қыздарға арналғандай, жалпы, барлығына тигізер пайдасы зор!

Ұйымдастырушылар атап өткендей, спорттық шараның басты мақсаты — Қазақстанда джиу-джитсуды дамытып, елге таныту, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберліктерін арттыру, үздіктерді анықтау.

Мигель Мамырбаев бразилиялық джиу-джитсу және грепплигтен Қазақстан Федерациясының атқарушы директоры:

— Бүгінгі турнирге 200-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жыл санап қатысушылар саны өсіп келеді, бұл қуантарлық жайт. Ал турнирдің ұйымдастыру деңгейі алдыңғылармен салыстырғанда айтарлықтай жоғарғы деңгейде. Атап өтетін жайт, Қазақстанда джиу-джитсу және грепплинг қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі таңда біз arlangrip.kzсайтында спортшылардың рейтингісін жасап, дайындық жүргізудеміз. Онда алдыңғы жарыстырмен қоса ұпайлар жинақталады, Қазақстан бойынша үздіктер тізімі анықталады.

Жарыстың қорытындысы бойынша турнирдің үздіктері анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен медальдермен марапатталды.

Назарларыңызға жарыс нәтижелерін ұсынамыз:

62 кг white

Iорын – Ернар Жанатбек

IIорын – Жанторе Кучкаров

IIIорын – ДаулетБатталов

67 кг

Iорын – Ержан Батыров

IIорын – Рустам Сагындыков

IIIорын – Дмитрий Новиков

72 кг

Iорын –Алибек Алиев

IIорын – Ильяс Даурен

IIIорын – Аскар Утенов

78 кг

Iорын – Дуйсембай Камидулла

IIорын – Дмитрий Ткач

IIIорын – Куаныш Топаев

85 кг

Iорын – Диас Коргасбаев

IIорын – Талгат Маденов

IIIорын – Марат Турлубеков

93 кг

Iорын – Павел Ткаченко

IIорын – Арман Молдагалиев

IIIорын – Равшан Уразов

93+ кг

Iорын – Алишер Саду

IIорын – Шокан Исмагулов

IIIорын – Ильяр Исамдинов

67кг blue

I орын – Абдыкабыл Калдар

IIорын – Галымжан Омар

IIIорын – Мурат Азбергенов

72 кг

Iорын – Дамир Садыров

IIорын – Антон Муратов

IIIорын – Айдар тулейбаев

78 кг

Iорын – Темирлан Мерекеев

IIорын – Санжар Баширов

IIIорын – Темирлан Алпысов

85 кг

Iорын – Бектур Тыныбеков

IIорын – Дамир Жеребаев

IIIорын – Рахим Худайбердиев

93 кг

Iорын – Рамазан Кусаинов

IIорын – Эльдар Ходжанов

IIIорын – Искандер Алихан

93+ кг

Iорын – Ерик Муканов

IIорын – Султан Байбулатов

67 кг Master 1

Iорын – Давид Ряшин

IIорын – Ильшад Османов

IIIорын – Рустем Альдижапаров

72 кг

Iорын – Асет Иманбаев

IIорын – Алексей Борзых

IIIорын – Сакен Шарахметов

78 кг

Iорын – Олжас Нурашев

IIорын – Ахмет Муталов

IIIорын – Тимур Калиев

93 кг

Iорын – Рустам Сефербеков

IIорын – Арби Умаров

IIIорын – Еркин Нурбеков

78 кг Master 2

I орын – Нурболат Есемберлиев

II орын – Мигель Мамырбаев

IIIорын – Арай Кабдол

78+ кг

Iорын – Карен Пашикян

IIорын – Арман Ахметжанов

52 кг Female

Iорын– Акбота Барлыкбаева

IIорын – Газиза Жапарбекова

IIIорын– Назым Жумагулова

56 кг

Iорын – Арайлым Мекенбаев

IIорын – Карина Веретина

IIIорын – Сымбат Жаксылык

65 кг

Iорын – Даяна Ракишева

IIорын – Дарига Аданбекова

IIIорын – Айдана Кожмухаметова

 

 

Сондай-ақ

МӘНШҮК МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЗЮДО БӘСЕКЕСІ ӨТТІ

3-4 маусым күндері Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметованы …