Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман қазақстандық боксшының шілде айында Астанада өтуі мүмкін жекпе-жек жайында айтып берді.
Головкиннің өкілі тек ресми ақпаратқа құлақ түруге кеғес берді. Оның айтуынша, келіссөздер ешқашан ашық өтпейді.
«Егер ешқандай ресми ақпарат болмаса, ештеңе болып жатқан жоқ деген сөз емес.. Біз күнделікті келіссөз жүргіземіз.
Шынын айтқанда, ресми мәлімдемесіз Головкин туралы мұнша ақпаратты қайдан алатынына таңым бар. Боксшылар алдағы жекпе-жектер туралы болжамын айтады түсінікті, ал қалғандары қандай негізге сүйене сөйлейді? Кәсіпқой бокс федерациясы да мойнына алды ма, WBC конвенциясын орындаумен айналыссын.
Әркім өз ісімен айналыссын. Егер жекпе-жек ұйымдастыру мен келіссөздерге қатысыңыз болмаса, ол туралы сөз қозғаудың, Головкин нені қалайтыны туралы тіптен айтып керегі жоқ. Ал жанкүйерлерге керісінше, алғыс білдіремін. Жаңалық болған кезде өзіміз хабарын береміз», — дейді Герман.