Қазақстандық ауыр атлеттер соңғы кездері спорт сүйер қауымның көп талқысында жүр. Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарындағы даулы допинг мәселесі біраз қиындықтар алып келмесі бар ма. Бірақ бұл мәселер Қазақстан ауыр атлетикасына аса зардабын тигізе қоймады. Елімізде кейінгі толқын, жаңа чемпиондар өсіп келеді.
Жастарымыз әлем чемпионатында өздерін жақсы қырынан көрсетіп, әлем елдері арасында үшінші орын алды. Үш алтын. бір күміс және екі қола медаль. Құрамаға алғашқы алтынды 62 келі салмақта Анатолий Савельев еншіледі.
— Анатолий, алтын үшін таласта саған Қытай спортшысынан басқа кімдер қарсы тұрды?
— Бірінші кезекте жұлқа көтеру жаттығуы бойынша 128 келіні бағындырып бірінші орын алған Ресейлік атлет менің негізгі қарсыласым болды. Мен одан бір келі кем көтеріп, 127 келіні бағындырдым. Барлық мәселе серпе көтеру жаттығуында шешілді. Мен 154 келіні бағындырып, жалпы есепте 281 ұпай жинадым. Бұл менің әлем чемпионы атануыма жеткілікті салмақ болды. Ресейлік спортшы серпе көтеруде үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде Қытайлық спортшы 276 келімен күміс жүлдегер атанды.
— Жұлқа көтеру жаттығуынан кейін Ресейлік спортшыдан қалып қойдың. Сол кезде алтын аламын деген ойда болдың ба?
— Шындығын айтқанда Ресейлік спортшыдан бір келі қалсам да чемпион атанатыныма сенімді болдым. Мүмкін соның арқасында алтын медальді оңай ұтқан болармын.
— Қай жаттығу түрі саған қолайлы — жұлқа немесе серпе көтеру?
— Маған көбіне жұлқа көтеру жаттығуы ыңғайлы. Осы жаттығу өзіме ыңғайлы.
— Жастар арасындағы әлем чемпионаты алдында Тараз бен Казан қаласында оқу-жаттығу жиындары өтті. Сол жиында әлем чемпионатына қатысатын құрама анықталды ма, өз ара жарыс өтті ме?
— Жоқ, Тараз бен Казандағы оқу-жаттығу жиындарына әлем чемпионатына іріктелген спортшылар ғана барды.
— Ауыр атлетикаға қалай келдіңіз?
— Мені ең алғаш рет ауыр атлетика үйірмесіне ағам алып келді. Кейін осы спортқа деген құштарлығымды жаттықытушым Алексей Иванович Кленовицкий ашты. Осы кісілердің арқасында ауыр атлетиканың қыр-сырын үйренумен келемін. Қазір Алматы облысы, Текелі қаласында жаттығамын.
Автор: Олег Трошин sports.kz. Айдарған: Мирас Исатай dodasport.kz