29 сәуір күні АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегаста қазақстандық кәсіпқой боксшы өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді.
Кештің басты кездесуінде бірінші ауыр салмақтағы WBA (regular) чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов (17-2, 11КО) өзінің титулын Кубалық Юниер Дортикосқа (21-0, 20КО) қарсы қорғайтын болады.
Осыған қарай қос боксшы арасындағы кездесудің жар қағаздары Америка көшелерінде іліне бастады.
Айта кету керек, Шүменов — Дортикос бокс кешін Қазақстандық арналардың бірі тікелей эфирде көрсетеді.