Басты бет / Қысқы спорт / ҚОС АЛМАТЫЛЫҚ ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНЫ

ҚОС АЛМАТЫЛЫҚ ХОККЕЙ КОМАНДАСЫНЫҢ ОЙЫНЫ

Қос алматылық хоккей командаларының ойыны  «Айсұлудың» айқын жеңісімен аяқталды

Бүгін Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан чемпионатаның кезекті ойындары  өтті. Алматылық «Айсұлу» командасы Қазақстан біріншілігін сәтті жалғастыруда. Бүгін екі алматылық хоккей клубтарының кездесуінде Александр Мальцевтың командасы «Жұлдыз» хоккейшілерін 11:0 есебімен ойсырата жеңді.

«Жұлдыз» клубын ойсырата ұтқан «Айсұлу» хоккейшілері қарсыластарына бірде бір шайба соғуға мүмкіндік бермеді.

Малика Алдабергенова  «Айсұлу» ХК ойыншысы

— Біз осы командамен бірнеше жыл бойы ойнап келеміз.Осы жылы олардың дайындықтары жаман емес. Менің ойымша, алдағы кездесулердің қарсыластарынан «Томирис» астаналық командасын ғана атап өтуге болады. Біз олармен Қазақстан чемпионатының біріншілігін сарапқа салатын боламыз. Әлбетте, қарсыластарымызды ойсырата жеңетінімізге күмәніміз жоқ!

Бірінші кезең 3:0есебімен аяқталды.  Зарина Тухтиева, Татьяна Лихаус және Алена Фукс мергендгімен көзге түссе, екінші кезеңді Королева мен Фукс шабуылмен бастап, бір-бір шайбадан салды. Ал,  үшінші кезеңде «Айсұлу» хоккейшілері аянып қалмады, Лихаус, Фукс және Меруерт Рысбек қарсыластар қақпасына бес шайба тоғытты.

Ляззат Мынжасарова «Жұлдыз» ХК ойыншысы:

— Ойын тартысты болды. Өйткені біздің қарсыластарымыз Қазақстан құрамасының ойыншылары. Олардың тәжірибиелері мол, жастарымыз да ерекше. Біз үшін кездесу қиын өтті. Біздің ұжымда барлығы мектеп оқушылары, 15 жастан 17 жастар аралығындағы қыздар. Бірақ, біз еңсемізді түсірмейміз, кәсіби деңгейімізді одан әрі шыңдауға тырысамыз. Сондай-ақ, келесі кездесу біздің жеңіспен аяқталады деген ойдамыз!

Айта кетер жайт, Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары сәуірдің  24-і  дейін жалғасады. Бүгін, «Айсұлу» мен «Жұлдыз» командаларымен қатар, «Горняк» және «Торпедо» клубтары  ойнап, кездесу 11:4 есебімен «Торпедо» командасының пайдасына шешілді.

Сондай-ақ

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ ПОЛЬШАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Атақты Польша боксын жандандырушы Феликс Штамм құрметіне 34-ші рет ұйымдастырылып отырған турнирде екі қазақ боксшысы …