Атырау қаласында таеквондодан тұңғыш рет жастар арасындағы Азия чемпионаты өтуде. Екі күнгі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстандық спортшылар бес қола иеленді.
Екі күнгі додада Корея мен Иран таеквондошылары ең жоғары орындарды сарапқа салды.
Алғашқы жарыс күні ұлттық құрама сапынан 48 келі салмақта Сағытжанов Рабил үшінші орыннан көрінді. Осы сияқты қыздар арасында Усманова Әсел 42 келіде және Жадыра Хайруллина 636 келіде қоланы қанағат тұтты.
Екінші жарыс күні Қазақстандық спортшылар үшін аса сәтті бола қоймады. Себебі бар болғаны екі қола медальді иелендік: 55 келіде Әлжанов Рахат және 52 келіде Абдуллаева Азиза.
Пумсе түрінен өткен сайыста жастарымыз ең төменгі нәтиже көрсетті. Себебі елімізде пумсе енді ғана дамып келе жатқан спорт түрі болып табылады.