Хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы матчтарында сәтсіз өнер көрсеткенімен, оның ойыншысы үздік мерген және шабуылшы атанды.
Біздің форвард Найджел Доус гол+пас (5+4) жүйесі бойынша үздік нәтиже көрсетіп, шабуылшылар бәсекесінде топ жарды. Оның үстіне, Доус турнир барысында бес шайба соққан жалғыз ойыншы болды.
Үздік шабуылшылардың үштігіне қазақстандық тағы бір ойыншы, канадалық Брэндон Боченски (2+5) енді. Не дегенмен, Қазақстан құрамасы жоғары дивизионға жолдаманы жеңе алмады. Австрия мен Канада біздің елдің алдын орап кетті.