Басты бет / Бокс / «777» ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРМАҚШЫ

«777» ӘЛЕМДІ БАҒЫНДЫРМАҚШЫ

 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр «777» Жүкембаев шаршы алаңда алты кездесу өткізіп, алтауында да жеңіске жетті. Қазақстандық жанкүйерлер арасында таныла бастаған отандасымыздың лақап аты неге  «777»? деген сұрақтар туған болатын. Батыр Жүкембаевтың Вконтакте желісіндегі ресми фан парақшасы бұл сұраққа жауап берді.

«Әлем халықтарының көпшілігі қадым заманнан бері жеті санын кие тұтып, қастерлеген. Ата-бабаларымыз да жеті санын қасиеттеп, салт-дәстүріне арқау еткен. 
Мысалы, ауылда жүргенде анам 7 шелпек пісіріп, көршілерге тарататын. Әкем, жеті атасын білмеген жетесіз деп, жеті атамды жаттатқызды. Әдебиеттен, Ләйлі — Мәжнүн, Жүсіп-Зылиқа, Фархад-Шырын, Таһир-Зуһра, Ару-Қамбар, Уәлік-Фәррат, Әни – Күлшәт секілді жеті ғашықты білеміз. Ал, тарихтан XVI ғасырдағы Әз Тәукенің «Жеті жарғысын» оқыдық. Айта берсек мысал көп қой.

Осыдан кейін жеті санының касиетін түсіне бастадым. Ұялы телефонымның нөмірін жеті санымен байланыстырдым. Көлік алғанда 7 саны бар нөмірді іздеп жүріп таптым. Сол секілді, өмірімнің көп тұсы жеті санымен байланысып кетті.

Кәсіпқой боксқа ауысар тұста өзім құрметтейтін, сыйлайтын ағаларыммен дастархандас болып қалдым. Әнгіме арасында сол кісілер кәсіпқой бокста үш жеті (777) санымен шықсаң қалай болады деп ұсыныс тастады. 7 санын әуелден қастерлейтін маған бұл ұсыныс таңсық болған жоқ. Бірден келісе кеттім.

Сөйтіп, ағаларымның ұсынысы мен өзімнің қалауым арқасында кәсіпқой бокста «777» атымен әзірше канадалықтардың арасында таныла бастадым».

Сондай-ақ

ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДА КОМИТЕТІ ТАҒЫ ҮШ ҚАЛАҒА СПОРТТЫҚ АЛАҢДАР ТҰРҒЫЗДЫ

Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті бұқаралық спортты дамыту мақсатында еліміздің түкпір-түкпіріне спорттық алаңдар тұрғызуды қолға алғанын …