Қызылордалық Елдос Ермаханов зілтемірді жатып сығымдап көтеруден Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді!
Киллин (АҚШ) қаласында зілтемірді жатып сығымдап көтеруден Әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз Елдос Ермаханов 172,5 келі зілтемірді көтеріп, күміс жүлдені иеленді.
Елдос енді мамыр айында Литваның Каунас қаласында өтетін Әлем чемпионатына облыс құрамасымен бірге дайындалады.
Ол бұған дейін 9 дүркін Қазақстан чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы, жастар арасында Әлем чемпионы атанған, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Оны жарысқа Роман Ковалев пен Бақытбек Рысбаев дайындады.