Кәсіпқой рингте әлі жеңілмеген отандасымыз Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды.
QAZAQ-тың бұл жолғы қарсыласы рейтинг бойынша өзінен жоғары тұрған Мексикалық Норберто Гонсалес (Norberto Gonzalez). Гонсалес бүгінге дейін 31 кездесу өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. 13 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан.
Норберто Гонсалестің лақап аты – Әзәзіл! Ол өз салмағы бойынша мексикалық боксшылардың үздік төрттігінде. QAZAQ пен Гонсалес WBO NABA және WBA intercontinental тұжырымының чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 26 мамырда АҚШ-тың Флорида штатында өтеді