Басты бет / Басқа түрлер / ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНЕН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР АЗИЯ ГРАН-ПРИІНЕН 2 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

 

24 сәуір күні Қытайдың Цзиньхуа қаласында жеңіл атлетикадан Азия құрлығының чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан 16 спортшы қатысты. 12 әйел, 4 ер.

Әйелдер құрамасы бәсекеде екі бірдей алтын медаль жеңіп алды. Виктория Зябкина 100 метрлік қашықтықта жүргіруде топ жарса, 4*100 эстафетада қыздарымызға тең келер ешкім болмады.

24 жасар Алматылық спорты, Универсиада ойындарының үш дүркін чемпионы Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,44 секундта жүгіріп өтті. Екінші болып тағы бір Қазақстандық, осы қашықтықтағы ел рекордының иегері Ольга Сафронова 11,59 секунд нәтижесімен мәреге жетті.

Екінші алтында эстафета құрамасы еншіледі (Римма Кашафутдинова (Қарағанды), Светлана Голендова (Жамбыл), Анастасия Тулапина (Алматы) және Юлия Рахманова (Алматы).

Келесі Гран-ПРи кезеңі Қытай елінің Цзясин қаласында 27 сәуір күні өтеді.

Сондай-ақ

ЖӘНІБЕК ӘБУ-БӘКІР ГРАНД СЛАМ ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Франция астанасы Париж қаласында  джиу-джитсу спортынан «Grand Slam Paris Open» (JJIF) xалықаралық турнирі өтуде. Дүбірлі додаға Қазақстандық …