16-30 сәуір аралығында Атырау қаласында Қазақ батырлары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухтарына арналған IX-шы Халықаралық бокс турнир өтуде.
Турнир барысында Азия құрлығының төрешілеріне семинар-экзамен жүріп жатыр. Сынақтан сәтті өткен төрешілер AIBA «2 жұлдызына» және құрлықтық, әлемдік додаларда төрешілік ету құқығына ие болады.
Семинарды Қазақстан республикасы бокс федерациясы мен Атырау облысы бокс федерациясы өткізуде. Төрешілерге Грзуия мен Молдавадан келген AIBA-ның мамандары нұсқау беріп, біліктіліктерін арттыру үстінде. Қазақстан бойынша «2 жұлдызға» бес төреші үмітті. Одан бөлек Азия құрлығының 14 төрешісі келген. (Ирак, Сауд Арабиясы, Жапония, Шри-Ланка, Корея және Индонезия)
Төрешілер түске дейін теориялық емтихан тапсырса, түстен кейін Халықаралық турнир кезінде өз біліктіліктерін тәжірбие жүзінде іске асырады.