Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Күрес / ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНЫҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақ палуандары Олимпиада чемпионының жүлдесіне арналған халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

«Халық Арена» мұз айдынында өткен Қазақ КСР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен ашық халықаралық турнирде қазақ палуандары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды еншіленді.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген спортшылар, сонымен қатар, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінен 280-нен астам палуан қатысты. Олар (UWW) ережелеріне сәйкес күресті.

Турнирдің бірінші күні палуандар — 50 кг, 60 кг, 74 кг и 96 кг салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтаса, ал екінші күні мына салмақ дәрежелеріндегі спортшылар күресті: 55 кг, 66 кг, 84 кг, 120 кг. Жарыстың нәтижелері бойынша Қазақстан спортшылары 20 медальмен өзгелерден басым түсті. Жалпы, еліміздің палуандары 5 алтын, 6 күміс және 9 қоланы олжалады.

— Мен осымен турнирге үшінші рет қатысып жатырмын. Мен екінші орынды иелендім, бірінші орынға кішкене ғана жетпей қалды. Қарсыласым мықты болды. Алайда, мен еңсемді түсірмей, көп жаттығып, келесі турнирде алтын медальді жеңетініме сенімдімін. Алдағы уақытта әлем және Азия чемпионаты жоспарда бар. Жеңімпаз атанғым келеді, — деп атап өтті жарыстың күміс жүлдегері Антон Савенко.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бірінші орынға айфон 6, айфон 5 сияқты ұялы телефондарды, екінші, үшінші орныға самсунг гэлекси, сонымен қатар, дипломдар мен медальдермен марапатталды.

Спорттық шара Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның күрес Федерациясының, «Алматы қаласының халықаралық спорттық жобалар Дирекциясы» мемлекеттік қорының қолдауымен ұйымдарстырылды.

Айта кетсек, Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесіне арналған турнир грек-рим күресін жастар арасында дәріптеу, көршілес елдердің спортшылары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, «ҚР спорт шебері» нормативін орындау, ҚР мемлекеттік құрама командасына үздіктерді іріктеу мақсатында осы жылы 33-ші рет өткізіліп жатыр.

Назарларыңызға бүгінгі жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

 

 

55 келі

  1. Ернур Фидахметов (Қазақстан)
  2. Ринат Балташев (Қазақстан)

III. Диас Куресбай (Қазақстан)

III. Шаймерден Абауов (Қазақстан)

66 келі

  1. Мерей Бекенов (Қазақстан)
  2. Георгий Куртанидзе (Грузия)

III. Георгий Гуджабидзе (Грузия)

III. Екпин Серикбол (Қазақстан)

84 келі

  1. Темури Цкуаселидзе (Грузия)
  2. Санжар Темирбек (Қазақстан)

III. Елдос Магзумов (Қазақстан)

III. Багдат Усенов (Қазақстан)

120 келі

  1. Звиади Патаридзе (Грузия)
  2. Антон Савенко (Қазақстан)

III. Аббос Ибрагимов (Өзбекстан)

III.Азмедин Вахабов (Тәжікстан)

Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ

МЕССИ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІ 2018-ГЕ ҚАТЫСАТЫН ҚҰРАМАЛАР ЖАЙЛЫ ӨЗ ОЙЫН АЙТТЫ

Аргентина ұлттық құрамасының және «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси алдағы әлем біріншілігінде топ жарып шығуы …