«Достық» спорт кешеніндегандболданәйелдерарасындаел біріншілігінің жоғарғы лиганың төртіншікезеңі аяқталды.
Гандболшылар шешуші матчтарды батыл әрі сенімді бастады. Қыздар кездесу барысында тартысты да қызықты ойын үлгісін көрсетті. Жалпы қатысушылардың басым көпшілігі 14-16 жастар аралығындағы спортшылар.
Жарыс кезінде гандболдан Қазақстан федерациясының өкілдері қатысушыларды сертификаттармен марапаттап,кішігірім ескерткіштерді сыйға тартты. Сонымен қатар, гандболдан еліміздің құрама командасына үздіктер іріктелді.
— Бүгін барлық командалар бір деңгейде ойнап жатыр, оларды дивизиондарға бөлуге болады. Жоғарғы лига 11 командадан тұрады. Келесі жылы, 3 лига: супер лига, жоғарғы лига және бірінші дивизион додаға түсетін болады. Бұл қуантарлық жайт, біз 25 жылда 25 команда құрдық. Қазіргі таңда, елімізде гандбол қарқынды дамып келеді. Бүгін, мемлекеттік құрама командасына үздік ойыншылар іріктелді, енді олар Азия чемпионатына дайындалатын болады. Менің ойымша, жаңарған жас команда халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелерге қол жеткізеді, — деп қорытындылады гандболдан Қазақстан федерациясының президенті Гульнара Исмагуловна.
Айта кетсек, чемпионатқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 11 команда екі топқа бөлінген болатын. Жарыстың соңғы күні келесі ұжымдар өзара мықтыны анықтады:
«Север» (Павлодар) – КИВС «Астана» (Астана) (30:28)
«Қазығұрт» (Шымкент) – Алтай (ШҚО) (33:25)
«Қандыағаш» (Акт. Обл.) – КБЖСМ № 5 (Астана) (32:28)
КБЖСМ № 3 (Алматы) – «Костанай» (Қостанай) (37:47)
«Іле» (Алматы обл.) – «Караганда» (Карағанды) (27:17)
— Әр матч бізге оңай беріле бермейді. Біз бүгін жеңіске жеткенімізбен, қарсыластарымызды осал деп айта алмаймыз. Олар өте мықты. Бірақ біз бірігіп, келісіп, командамен бірге ойнадық, соның арқасында жеңдік деп ойлаймын. Негізі, гандбол – өте жеңіл, қызықты да тартысты спорт түрі. Осы кезеңде жіберген қателерімізді түзейміз, келесі кезеңге дайындаламыз, — деп атап өтті алматылық КДЮСШ № 3 командасының гандболшысы Валентина Строганова.
Айта кетсек, гандболдан Қазақстан чемпионатының бесінші кезеңі Өскемен қаласында өтеді. Сонда чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері жинаған ұпай сандары бойынша анықталатын болады.
Жоғарғы лиганың төртінші кезеңінің нәтижелері:
I — «Қазығұрт» (Шымкент)
II — Алтай (ШҚО)
III — «Север» (Павлодар)
IV — КДЮСШ № 3 (Алматы)
V — КИВС «Астана» (Астана)
VI — «Костанай» (Қостанай)
VII — «Іле» (Алматы обл.)
VIII — «Караганда» (Қарағанды)
IX — «Қандыағаш» (Акт. Обл.)
X – «Қайсар-КАМ-КГУ» (Қызылорда)
XI — СДЮШОР № 5 (Астана)