Басты бет / Басқа түрлер / АЛМАТЫДА ТАҒЫ БІР АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТПЕК

АЛМАТЫДА ТАҒЫ БІР АУҚЫМДЫ ВЕЛОШЕРУ ӨТПЕК

Жеңіс Күніне  және Отан қорғаушылар күніне арналған велошеру ауқымды фестивальмен жалғасын таппақ

Мамырдың 14-і күні «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында өтетін кезекті велошеру Ұлы Жеңіс күніне және Отан қорғаушылар күніне арналмақ.

Дәстүр бойынша велошабандоздар сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығының  маңында жиналып, ұйымдастырушылардан нөмірлер алып, мәреде сол арқылы бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатысуға мүмкіндік алады. Осы жолы  әуесқойлар 12 шақырым жерді жүріп өтеді. Велошеру Республика Сарайы алаңында аяқталады. Мәреде мерекелік концертпен қатар,  нөмірлері бар қатысушылар бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотереяға қатыса алады, басты сыйлық — велосипедтер.

Спорттық шара KFC фестивалі мен стритбол, футбол және KFC-лиганың қалалық кезеңімен жалғасады. Қауіпсіздік мақсатында шеруге велошлемсіз қатысуға тыйым салынады.

Айта кетер жайт, осы велошеру «Спорттық Алматы»  жобасының қолдауымен осымен үшінші рет өткізіледі, жалпы осы жылы 20 велошеру жоспарланған. Бағдарлама Алматыда жаппай спорттың дамуына, белсенді спорттық тынығуды елге танытуға бағытталған. 2016 жылы өткен 21 велошеруге жалпы 19 000-нан астам адам қатысқан.

Алматы қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ

ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

  Алматыда, мамырдың 13-інен бастап он екі ұлттық спорт түрлерінен «Ұлы дала ойындары» республикалық фестивалі …