Түркияның Анталия қаласында дзюдодан Гран При турнирі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 5 салмақ дәрежесінен 7 дзюдошы қатысып, оның 4-еуі ақтық сынға жолдама алған болатын.
48 келі салмақта Галбадрах Отгонцэцэг қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Қазақстандық дзюдшыға жеңіске жету үшін үш кездесу өткізу жеткілікті болды.
Галбадрах іріктеуде Түрік спортшысын, жартылай финалда Ресей спортшысын қапы қалдырды. Финалда Израиль дзюдошысын қапы қалдырды.