Басты бет / Бокс / ГОЛОВКИННІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

ГОЛОВКИННІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

16 қыркүйек күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 26 жастағы мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альвареспен кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жек 2017 жылдың үздік кездесуі болуы ықтимал. 

Көптен күткен сәт

Бірнеше жыл бойы ауызша айтылып жүрген әңгіме шындыққа ұласты. Қазіргі уақыттағы әлемнің ең үздік боксшылары шаршы алаңға шығып, кім мықтыны анықтайды. Қазақ жанкүйерлері GGG жайлы мәліметті көп білетін болса, «Канело» біз үшін құпия боксшы. Дегенмен, мексикалық боксшының да өз ерекшеліктері бар. Енді соны тарқатып айтып көрсек.

Саул Альварес Сантос Барраган көпшілікке Сауль «Канело» Альварес деген атпен танымал. Ол 1990 жылы 18 шілдеде Сан-Агустин (Халиско) қаласында дүниеге келген. Сантос Альварес пен Анна Мария Барраганның ең кіші ұлы. Сауль алты ағайынды, Ана Эльда, Даниэль Джованни, Хосе Рикардо, Гонсало, Виктор Альфонсо және Хуан Рамон деген ағалары мен әпкелері бар.

Саульдің барлық ағалары спортпен шұғылданған. Бірақ отбасында «Канело» мен Ригоберто ғана бокста жақсы табысқа қол жеткізген. Ригоберто кәсіпқой бокстағы жолын 2000 жылы бастап, 12 жылдың ішінде 27 кездесу өткізіп, тек төртеуінде ғана жеңіліс құшқан. Ол бірінші орта салмақта WBA уақытша чемпионы атанған. Ал осы белбеудің толыққанды чемпионы атағына талас жекпе-жегінде америкалық Остин Трауттан жеңіліп қалды. Араға екі жыл салғанда Сауль ағасының «кегін» алып, WBA және WBC чемпиондық белбеулерін жеңіп алды.

30 жастағы Рамон Альварес 24 жеңіс, алты жеңіліс және екі тең нәтижесі бар. 35 жастағы Рикардо Альварес 30 кездесу өткізген (24-3-3, 14 КО).

Ригоберто Барраган Саульдің тек ағасы ғана емес, ол оның бапкері де болған. 10 жасында ол ағасынан алғашқы бокс қолғаптарын сыйға алған. Одан бөлек, Ригоберто інісін сол уақыттан бері жаттықтыра бастады

Сауль не үшін боксқа барды?

Оған отбасылық дәстүр емес, өз-өзін қорғау үшін барған

Кішкентай кезінде көршілері Саульдің жиі мазақ ететін болған. Сондықтан да ол өзін қорғау үшін бокс залына келген. «Канело» деген лақап атының шығу тарихы да қызық. Кәсіпқой боксқа ауысқанан кейін менеджерлерінің бірі «Канелито» деп атай бастаған. Кейінірек ол «Канелоға» қысқартылды. «Канело» деген қазақша аударғанда «қоңыр» дегенді білдіреді. Лақап ат осылай келбетіне байланысты қойылған.

Сауль Альварес кәсіпқой бокстағы бірінші қадамын 15 жасында бастайды. Өзінің кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде ол 18 жастағы отандасы Абрахам Гонсалестен айласын асырады, өзінің дара жолын бастайды.

Саульден Флойд Мейвезерді есептемегенде жеңілмеген боксшылардың ішінде мексикалық Хорхе Хуарес бар. 2006 жылдың 17 маусымында өткен кездесуде төрешілер тең деген нәтижені тіркеді. Қазір Альварестің еншісінде кәсіпқой бокста 51 жекпе-жек бар.

Сондай-ақ

БЕКМАН СОЙЛЫБАЕВ WBC ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДА

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) өздерінің жаңарған рейтингін жариялады. Солардың арасында қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4KO) …