Басты бет / Без рубрики / БОКСПЕН ТЫНЫСТАҒАН ЗЕЙНЕТКЕР — АТЫРАУ БОКСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

БОКСПЕН ТЫНЫСТАҒАН ЗЕЙНЕТКЕР — АТЫРАУ БОКСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Атырау облысында әйелдер боксының құрылғанына 7 жыл шамасында болды. Осы арада қыздарымыздың жеткен жетістіктері де аз емес. Осындай кішкене уақыт аралығында команда жасқатап, облысымыздағы әйелдер боксының дамуына үлесін қосып жүрген жаттықтырушыларымыз саусақпен санарлық . Соның бірі биыл 80 жасқа толғалы отырған Алексей Павлович Юн.

Алексей Павлович — өз ісіне адал берілген, спортсыз өмірін елестете алмайтын жандардың бірі. Зейнеткерлік жасқа жеткеніне біраз жыл болса да жаттығу залынан алыстаған емес.

«Бұл менің өмірімнің мәні. Бір күн залға келмей қалсам өзімді ауру адамдай сезінемін. Үйдегі аруларымының барлығы залға келгенде ұмытылады. Кішкентай балаларды боксқа тәрбелеп, жаттықтырушылық жолды таңдағаныма еш өкінбеймін. Өмір бойы өзімнің сүйікті ісіммен айналысудамын», — дейді зейнеткер.

Өмірбаяны:

Алексей Павлович Юн 1937 жылдың 12 қазанында Үштөбеде дүниеге келген. Сол жерден жеті кластық мектепті бітіреді. Кейін 16 жасында Ресей еліне техникумға оқуға түседі. Челябинск қаласындағы темір жол техникумында оқып жүрген кездері бокспен айналыса бастайды. 1956 жылы кәсіпқой түрде сайыстарға қатысады. Техникумдағы төрт жыл оқуы кезінде Ресей Федерациясының Солтүстік аймақтық біріншілігінде жүлдегер атанады. Анасынан айырылып, жас кезінде көп қиындықтарды басынан өткереді. Оқып жүрген кезінде тек қана бокспен айналысып қана қоймай, қосымша жұмыстар атқарады. 1960 жылы Атырауға келіп мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қызметіне орналасады.

1978 жылы бокстан жаттықтырушы ретінде қызметін бастайды. Осы уақытқа дейін бокстан қол үзбей көптеген чемпиондарды тәрбиелеп шығарады. Бірнеше рет спорт мектпетерінде басшылық қызметтер атқарған. 1990 жылдан зейнетке шығады. Дегемен осы уақытқа дейін бокстан қол үзген емес.

2010 жылы облыста тұңғыш рет әйелдер боксының негізі қаланады. Сол кезде облыста алғашқылардың бірі болып әйелдер боксының негізін салады. Әйелдер боксының Атыраудағы негізі былай қаланған екен:

«2010 жылы Федерация президенті Талғат Байтазиев болды. Республикалық көлемде өткен конференциялардың бірінде оған «мұнайлы астанада» неліктен әйелдер бокс жоқ деген сауал қойылады. Ол кезде Қазақстанның кей өңірлерінде әйелдер боксы мектептері 5-6 жыл бұрын жұмысын бастап кеткен болатын. Байтазиев Атыраудағы барлық жаттықтырушылардың басын қосып әйелдер боксын қалыптастыру туралы тапсырма берді. Ол кезде менде ғана үш қыз болатын. Сол сәтте Федерация президенті мені әйелдер құрамасының бас бапкері қылып сайлап, көп ұзамай алғаш болып Атыраулық қыздар Қазақстан біріншілігіне қатысты.

Шәкірттері:

Алексей Павлович жаттықтырушы ретіндегі қызметінде бірнеше талантты боксшыларды чемпион қылып шығарды. Оның ішінде Жазира Дәулетқали Айдана Ділмұқашева, Камила Матжанова, Бибінұр Қабдырахманова, Алмагүл Шариева, Салтанат Шапабаева, Ботагөз Тұрдәлиева және Ақмарал Шәмшиденова секілді жетістіктерге қол жеткізген шәкірттері бар. Қазір Халилулла  Зарина  атты шәкірті жастар арасындағы Қазақстанның номері бірінші боксшысы болып саналады. Ол осы жылы өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды.

Қыздармен жұмыс жасау өте қиын.

«Жаттықтырушы ретіндегі көп жылдық тәжірбиемде түрлі-түрлі спортшыларды кездестірдім. Әсіресе кішкентай қыздармен жұмыс жасаған өте қиын. Кейде жаттығуға келмей қалады, көп ауырады. Онымен қоса қыздарға көп жаттығулар жасата алмайсың. Қиындықтарға төтеп бере алатын мықтылары ғана қатарда қалады. Бокс қыздарға өте ауыр спорт түрі.

Бүгін бокс клубқа барғанымзада алдымыздан Алексей Павлович шыға келді. Бүгін де жаттығу жұмысына келіпті. 40 жылы бойы бокс атты әлеммен тыныстап жүрген қарияның көзінен боксқа деген шын берлігендігін байқауға болады.

«Менің жасым 80-ге таяп қалса да өзімді сергек сезінемін. Үнемі дене шынықтырумен айналысып, дұрыс тамақтануды мақсат қоямын. Кіп-кішкентай балаларды бокс үйірмесіне қаьылдап аламыз. Олар жылма-жыл өсіп үлкен азамат пен азаматшаларға айналады. Соның өзін көрген мен үшін бір бақыт»- дейді Алексей  Павлович.

Балаларының боксты таста, қартайған шағыңда неге демалмайсың дегеніне былай жауап береді екен:

«Бокс менің өмірім. Менің бойымдағы энергиям, күш-қуатым тек бокс залына барғанда ғана қалпына келеді».

Сондай-ақ

РУСТАМ ЫБРАЕВ УНИВЕРСИАДА ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

 Қазақстандық дзюдошы Рүстем Ибраев қытайдың Тайбэй қаласында өтіп жатқан Жазғы Универсиаданың қола медаль жүлдегері атанды. …