1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров
Заңға енгізілген өзгерістердің ең басты мақсаты еліміздегі спорт түрлеріне бөлінетін қаржыны әділетті түрде үлестіру деп білем. Себебі кейбір федерациялардың осы күнге дейін жағдайы мәз емес. Себебі қаржы бөлу мәселесінде олқылықтар болған. Енді жаңа басшылықтың қолдауымен жақсы өзгерістер қолға алынды. Не нәрсе заңмен реттеледі, осы тұста спорт саласын реттейтін заңға спорт түрлерін саралау, өңірлердегі спорттың даму мәселелері мен Ұлттық Олимпиада комитетінің рөлін арттыру туралы енгізіліп отырған өзгерістер өте уақытылы әрі аса қажет дер едім.
Қазіргі таңда ақшаны тиімді пайдалану керек. Себебі, үкімен ақшаны спортқа өте көп бөліп жатыр. Оның барлығы дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін екені анық. Себебі, денсі сау ұрпақ болашақтың кепілі. Сондықтан біздің ұрпақ өзге елдің балаларынан мықты болса екен деп армандаймыз.
Біз осыған дейін де талай Олимпиаданы бағындырдық. Бұл жерде тек спортта ғана емес. Өзге де Олимпиада жарыстарында жеткіншектеріміз жеңіс тұғырынан көптеп кездеседі. Спортта ғана емес, математика, физика, химия жарыстары болса да, қазаққа тең келетін ұлт жоқ. Шахматтан да қазақ ең мықты халық екенін дәлелдеп үлгерді. Жалпы қазақ халқы қай салаға болсын тез бейімделеді. Бұл халқымыздың денсаулығының мықтылығы, ойлау қабілетінің күштілігі деген сөз.
Қаржыны бөлгенде бар спорт түрлері ескерілу керек. Көп жағдайда қазақтың ұлттық спорт түрлеріне қаржы мәселесі жетіспей жатады. Осыны да ойлауымыз керек. Болмаса, сол қалада қай спорт түрі ақсап тұр, сол спорт түрін дамытуға көптеп көңіл бөлу керек. Ал, одан болмаса енді-енді дамып келе жатқан спортты одан ары көтеріп жіберуге күш салғанымыз абзал.
Сондықтан спортқа мемлекет басшысының қолдауымен беріліп жатқан қыруар қаржыны жекелеген бір спортқа қана жұмсамай көптеген спорт түрлеріне жеткізе білу керекпіз. Бұл қазақ спортының ертеңі үшін жасалған үлкен игілікті іс. Осы айтылған түйткілдердің басм бөлігі аталған құжатта қаралып отыр.