Басты бет / Кәсіпқой бокс / ӘЛИ АХМЕДОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

ӘЛИ АХМЕДОВТЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АУЫСТЫ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтың (9-0, 7 КО) алдағы кездесудегі қарсыласы ауысып кетті.

Отандасымыз 8 желтоқсан күні АҚШ жерінде жастар арасындаңы WBC белбеуін қорғау үшін кезекті жекпе-жегін өткізеді. Негізі Ахмедовтың қарсыласы америкалық Роберто Сильва (9-1, 6 КО) болуы керек еді.

Бірақ BoxRec мәліметі бойынша, келесі кездесуінде Ахмедов 26 жастағы басқа бір америкалық боксшы Дешон Уэбстермен шығатыны жазылған. Ол кәсіпқой бокста тоғыз кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Алты кездесуінде қарсыласы нокаутқа түсірген.

Жекпе-жекте Ахмедовке тиесілі белбеуден бөлек, жартылай ауыр салмақтағы Солтүстік Американың чемпиондық белбеуі (NABF)  сарапқа салынады.

Ақпарат көзі: Vesti.kz

Сондай-ақ

БАРЛЫҚ ӨҢІРГЕ ЖАҢА БОЗКІЛЕМДЕР СЫЙҒА БЕРІЛМЕК

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы елімізде күрес түрлерін дамыту жолында соңғы жылдары көптеген …