Football Espana басылымының мәліметінше, келесі жазғы ауысым терезесінде «ПСЖ» клубының шабуылшысы Неймар үшін үш үздік еуропалық клуб күрес жүргізбек.
Басылымның ақпараты бойынша, бразилиялық ойыншыны сатып ала-алатын тек үш клуб бар, олар «Реал Мадрид», «Манчестер Юнайтед» және «Манчестер Сити» клубтары.
Егерде 26 жастағы париждік клубтың шабуылшысы клуб ауыстыру шешімін қабылдайтын болса, онда дәл осы үш клуб Неймар үшін жүргізетін болады. Оның ауысым құны 300 миллион еуроны құрауы мүмкін.