Басты бет / Қысқы спорт / Коньки / АЛМАТЫДА ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДА КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТТІ

АЛМАТЫДА ТЕГІН МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДА КОНЬКИМЕН СЫРҒАНАУДЫ ҮЙРЕТУ САБАҚТАРЫ ӨТТІ

 

Бүгін Жібек жолы — Абылай хан көшесінде және Тұңғыш Президенті саябағының алдында орналасқан тегін мұз айдындарында «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары  өтті.

 

Бағдарлама аясында кез келген коньки тебуші тәжірибелі жаттықтырушылардың көмегіне жүгіне алады. Сонымен қатар, мұз айдынның келушілері көптеген қызықты ойындарға қатысып, бағалы сыйлықтарге ие болды.

 

— Тамаша іс-шара, керемет көңіл күй. Менің бұл спорт түрімен айналыспағаныма біршама уақыт болды. Жаттықтырушылардың арқасында барлығын еске түсіріп, қайта үйренудеміз. Әсіресе, балалар мен жастағы адамдар үшін жақсы мүмкіндік екен. Онымен қоса, сыйлықтар ойнатылды, ұйымдастырушыларға деген алғысым шексіз, — деп бөлісті Жанара Өтегенова.

 

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырту болып табылады.

 

— Бүгін онға жуық адамға коньки тебуді үйреттім. Енді ғана үйреніп жатқандарды коньки тебудің негізгі әдістерімен таныстырсақ, жақсы коньки тебетіндерді одан әрі шеберліктерін шыңдауға көмектесеміз. Ең бастысы, балаларға өте ұнайды, — деп атап өтті жаттықтырушы Жәңгір Жақсылық.

 

Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында басталған болатын. «Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

 

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда қазіргі таңда үш ауданда 24 сағат тегін жұмыс жасайтын мұз айдындары іске қосылды. Алдағы уақытта  әлі 6 тегін мұз айындары іске қосылады. Олар қыс мезгілінің соңына дейін жұмыс істейді. Жоба ұйымдастырушысы Алматы қаласының әкімдігі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

Сондай-ақ

АСТАНА ЕУРОПА ЛИГАСЫНДАҒЫ ЖОРЫҒЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

  Елордалық «Астана» футбол клубы қазақ футболының тарихын жаңартты. Еуропа Лигасының соңғы турында чехиялық «Славияны» …