Басты бет / Басқа түрлер / Ұлттық спорт

Ұлттық спорт

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АСТАНАДА ӨТЕТІН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақ күресінен Астанада өтетін биылғы чемпионатқа 11 мемлекеттен 80 балуан қатысады. 26-тамызда жалауын желбірететін біріншілікте спортшылар 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Халықаралық Qazaq kuresi федерациясының бас хатшысы Азамат Тілеулесовтың айтуынша, чемпионаттың жүлде қоры 20 мың АҚШ доллары шамасында. Жеңіске жеткен әрбір балуанға 1000 доллардан берілсе, күміс жүлдегерге 500, үшінші …

толық оқу»

ҮШІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНЫ ЖАЛАУЫН КӨТЕРМЕК

1-ші және 8-ші қыркүйек аралығында Қырғызстанда көшпенділердің III дүниежүзілік ойындары өтеді. Дүбір додаға елімізден 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Жалпы 80 елдің өкілдері 37 спорт түрінен 600 медальді сарапқа салмақ. III Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарының ресми бейне ролигі.

толық оқу»

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫ ҚАТЫСАДЫ

2018 жылдың 26 тамыз күні Астана қаласында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді. Қазақ күресінен чемпионатқа 20 мемлекеттен 80 спортшы қатысады. Қазіргі таңда Азия Чемпионатына қатысуға Жапония, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолиия, Иран, Пәкістан мен Үндістан мемлекеттері өздерінің мықты деген спортшыларын дайындап отыр. «Чемпионатқа мықты деген палуандар қатысады. Айталық, Моңғолиядан дзюдодан чемпион, Еуразия …

толық оқу»

НҰРЫМ СӘЛІМГЕРЕЕВ «СЫР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталды және Астана қаласының 20 жылдығы Қызылорда қаласының 200 жылдығы аясында өткізілді. Боз кілемдегі балуандар үш кезең бойынша төрт …

толық оқу»

ДӘУРЕН НҰРАЛИНОВ — «АЛМАТЫ БАРЫСЫ 2018» ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақ күресінен дәстүрлі «Алматы Барысы» турнирінің чемпионы Түрксіб ауданының балуаны Дәурен Нұралинов атанды, деп xабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. Байрақты бәсекенің ақтық мәресінде ол Медеу ауданынан келген былтырғы чемпион 132 келілік Руслан Абдразақовты жеңді. Жеңімпаздың өзі 122 келі салмақта бәстескенімен, қарсыласын тізе бүктіре алды. — Мен турнирді ұтқаным үшін қуаныштымын. …

толық оқу»

ҰЛАН РЫСҚҰЛ «ЖЕТІСУ БӨРІСІ» АТАНДЫ

Талдықорған қаласында Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу өтті, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. Облыстың аудандары мен қалаларынан 40-қа жуық балуан қатысқан дүбірлі доданың ақтық сынына Ұлан Рысқұл мен Александр Касачев шықты. Финалда Ұлан Рысқұлдың мерейі үстем болды. «Жетісу бөрісі» атанған Ұланға «Лада Гранта» көлігінің кілті табысталды. Ал күмісті місе тұтқан Александр Касачев 1 миллион …

толық оқу»

АТЫРАУДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

14 наурыз күні Атырау қаласында «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында жекелей есептегі Халықаралық турнир өтті, — деп хабарлайды dodasport.kz сайты. Жарыс блиц түрі бойынша өткізілді. Жарысқа Қытай, Түркия, Ресей, Ауғанстан, Түркіменстан елдері және еліміздің қомандалары қатысты. Ерлер арасында 11 спортшы, әйелдер арасында 9 …

толық оқу»

НӘЛҚОЖА ЕРГЕШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

2-6 наурыз аралығында Қызылордада мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Биыл он бірінші мәрте ұйымдастырылған дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Түркия, Тәжікстан және Қазақстаннан 20 команда, 220 тоғызқұмалақшылар ұлттық ойынды ұлықтады. Жарыс классика бойынша 9 турда, жас ерекшелігіне сәйкес …

толық оқу»

АЛМАТЫДА «ҚЫРАН-2018» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі аяқталды, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл жарысқа Қазақстанның 10 аймағынан келген 60-қа жуық саятшылар үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. Олар, бірінші іріктеу кезеңінде көрермендерге құсты ат үстінен қолға қондыру, шырға тарту сияқты өнерлерін көрестті. Ал, келесі кезеңге өткен бүркіттер …

толық оқу»

АЛМАТЫДА «ҚЫРАН-2018» ҚҰСБЕГІЛЕР ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ. Руxани жаңғыру аясында өтіп жатқан киелі жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері, «Қыран» Федерациясының өкілдері және ұлттық спорт түрлерінің жанашырлары қатысып, құттықтау сөздерін …

толық оқу»