Басты бет / Кәсіпқой бокс / Жанқош Тұраров

Жанқош Тұраров

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВТЫҢ АСТАНАДА ӨТЕТІН ЖЕКПЕ-ЖЕГІНДЕГІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

9 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшы Жанхош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды.  Қазақстандық боксшының қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэ болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында 25 кездесу өткізіп, 21 кездесуінде жеңіске жеткен. Соңғы рет 29 жастағы аргентинкалық боксшы шаршы алаңға 14 мамыр күні шығып, отандасы Алехандро Кухорскиді …

толық оқу»

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ РЕЙТИНГТЕ КӨТЕРІЛДІ

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (21-0, 15 КО) мексикалық Густаво Гарибайды (13-9-2, 5 КО) жеңген соң, өзінің беделді BoxRec порталындағы жағдайын айтарлықтай оңалта түсті. Жаңартылған BoxRec рейтингінде Тұраров жартылай орта салмақ дәрежесі бойынша 27 орынға жоғарылап, 85-ші орынға тұрақтады. Тұраров-Гарибай кездесуі 27 мамыр күні Бока-Ратонда (АҚШ, Флорида штаты) өтті. Жекпе-жекте қарсыласы …

толық оқу»

ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ 21-ШІ ЖЕҢІСІНЕ ЖЕТТІ

Флорида штаты. Майами. Қазақстандық 26 жасар кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров кезекті 21-ші жеңісіне жетті. Жанқош қарсыласы  мексикалық  Густаво Гарибайды (13-8-2, 5КО) 3-ші раундта техникалық нокаудпен жеңді. Естеріңізге сала кетейік, кездесу жартылай жеңіл салмақта 8 раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта-ақ бірнеше рет есеңгіретіп, еш мүмкіндік қалдырмады.  

толық оқу»

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН ЖАНҚОШ ТҰРАРОВ САЛМАҚ ӨЛШЕУ РӘСІМІНЕН ӨТТІ

Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров АҚШ-тағы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсмінен сәтті өтті. Флорида штаты, Майамиде өтетін бокс кешіне барлығы дайын. 32 отандасымыз Қанат Ислам (23-0, 19КО) мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13КО) бірінші орта салмақта  WBO NABA және WBA Intercontinental титулдарын сарапқа салады. 26 жасар Жанқош Тұраров тағы бір мексикалық  Густаво Гарибаймен …

толық оқу»

ҚАЗАҚ БОКСШЫЛАРЫ КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН

Ертеңгі кәсіпқой бокс кешіне дайынбыз. Салмақ өлшеу рәсімі аяқталды. Қанат Ислам, Жанқош Тұрар және Жәнібек Әлімханұлының қарсыластары Ганадан келген екен. Бәрі бір командадан. Face to face (бетпе-бет келу) кезінде жұдырықтаса жаздады. Қанат Ислам (21-0) мен ганалық Патрик Аллотей (34-2) WBA Fedelatin және бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental белдіктерін сарапқа салады. …

толық оқу»