Басты бет / Теннис

Теннис

АЛЕКСАНДР НЕДОВЕСОВ НАНЬЧАНДАҒЫ «​ЧЕЛЛЕНДЖЕРДІҢ» ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық теннисші Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды, — деп хабарлайды ҰОК. Жарыстың ширек финалында Александр үндістандық Рамкумар Раманатаннан басым түсті — 6:2, 7:5. Енді келесі айналымда Недовесов франциялық Кальвин Эмеримен күш сынасады.  

толық оқу»

НЕДОВЕСОВ НАНЬЧАНДАҒЫ ЖАРЫСТЫҢ ШИРЕК ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Қытайдың Наньчан қаласында өтіп жатқан «Челленджердің» 1/4 финалына жолдама алды. Жарыстың екінші айналымында отандасымыз кореялық Юн Сон Чаннан басым түсті – 6:4, 6:2. Енді келесі айналымда Недовесов үндістандық Рамкумар Раманатанмен күш сынасады. olympic.kz

толық оқу»

ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ЖАПОНИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

Теннистен Федерация кубогында Қазақстан мен Жапония құрамалары күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Нью-Дели (Үндістан) қаласында өткен жарыста А тобында Қазақстан, В тобында Жапония жеңімпаз атанған еді. Бүгін қос құрама ІІ әлемдік лиганың плей-офф бәсекесіне берілетін жолдаманы сарапқа салды. Бірінші матчта Қазақстанның бірінші, әлемнің 55-інші ракеткасы Зарина Дияс дүниежүзілік рейтингте …

толық оқу»

ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҚАЗАҚСТАН ӨЗ ТОБЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Нью-Дели қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Федерация кубогы үшін Қазақстан мен Қытайдың екінші кездесуінде Юлия Путинцева мен Яфань Ван күш сынасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Дүниежүзілік рейтингте қазақстандық теннисші 81-інші орында тұрса, қытайлық спортшы 125-інші сатыда келеді. Тартысты өрбіген матчта бірінші партияны Ю.Путинцева 6:4 есебімен ұтты. Екінші партияда Я.Ван дәл осындай …

толық оқу»

ТЕННИСТЕН ФЕДЕРАЦИЯ КУБОГЫ: ҮНДІСТАНДЫ ОҢАЙ ҰТТЫҚ

Нью-Дели қаласында Федерация кубогы үшін өтіп жатқан теннис жарысында Қазақстан құрамасы Үндістаннан басым түсті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. Бірінші кездесуде Зарина Дияс қарсыласын ұтқанымен, екінші ойында Юлия Путинцева жеңіліп қалған болатын. Сондықтан шешуші, үшінші бәсекеге З.Дияс пен Ю.Путинцеваның шығуына тура келді. Олар жұптық сында үндістандықтар Анкита Райна мен Пратхана Тхомбаремен …

толық оқу»

ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

Таразда үстел теннисінен өткен ел чемпионатында командалық есептегі чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды. Көптеген жылдар бойы жеңіліс көрмеген алматылықтар (ерлер құрамасы) мен қарағандылықтар (әйелдер құрамасы) осы жолы да алтын медальдарға ие болды. Еліміздің кен өндіру аймағынан келген теннисшілеріміз Наталья Сладкова, Зәуреш Ақашева, Маргарита Харечко, Александра Смирнова (жаттықтырушылары Эльмира Әлиева, Татьяна Ким) барлық …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ГОНКОНГТЕН 3:0 ЕСЕБІМЕН БАСЫМ ТҮСТІ

Қазақстан құрамасы Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан теннистен Федерация Кубогы Азия/Мұхит елдері I тобының алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан құрамасы «А» тобының алғашқы белдесуін Гонконгке қарсы өткізді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жеке ойында еліміздің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 55-орында тұрған Зарина Дияс, гонконгтік қарсыласы Хо-Чинг Вуды (1123) 6:3, …

толық оқу»

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІ ТУРАЛЫ

Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне неліктен әлемдік дәрежедегі сайыс ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып Қазақстанда өткізілгелі жатқанын айтып берді. — Қасым-Жомарт Кемелұлы, алда үстел теннисінен Астанада өтетін әлемдік деңгейдегі Гранд Финал сайысы келе жатыр. Қазақстан тарапының …

толық оқу»

ҚР ҮСТЕЛ ҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ЖАҢА БАС БАПКЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Үстел теннисі федерациясы бапкерлер кеңесі мен спортшылардың қатысуымен жиналыс өткізді. Жиында 2018 жылға арналған бапкерлер құрамы, ұлттық құрама спортшыларының дайындығын жақсарту және бапкерлер жұмысын жетілдіру мәселелері қаралды. Бапкерлер құрамы мен федерация басшылығының ұсынысы бойынша Ұлттық құрамаға бас бапкер ретінде Әлиева Эльмира Кайырқызының кандидатурасы ұсынылып мақұлданды. …

толық оқу»

WTA НҰСҚАСЫ БОЙЫНША МУГУРУСА ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ТЕННИСШІСІ ДЕП ТАНЫЛДЫ

Испандық теннисші Гарбинье Мугуруса WTA нұсқасы бойынша жыл теннисшісі атанды, деп БАҚ өкілдері хабарлайды. Биылғы маусымда Мугуруса Уимблдон мен Цинциннаттағы турнирлерде топ жарған болатын. Сондай-ақ, Мугуруса спорттық мансабында алғаш рет WTA рейтінгінде көш бастаған болатын.

толық оқу»