Шаңғы

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км-лік классикалық жарыс өтті. Отандасымыз Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында үздік шықты. Полторанин 15 км-ді 33:11 уақытымен аяқтады. Екінші орынды мәреге 9 секунд кешігіп жеткен Александр Большунов еншіледі. Финляндиялық Иво Нисканен болса үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, соңғы рет Полторанин қаңтар …

толық оқу»

АННА ШЕВЧЕНКО СКИАТЛОНДА 36-ШЫ

Олимпиада ойындарындағы алғашқы медальдарды шаңғышылар сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы скиатлон сайысында Швециялық Шарлотта Калла жеңіске жетті. Екінші орында Норвегиялық Марит Бьорген. Үздік үштікті Финляндиялық Криста Пярмякоски қорытындылап тұр. Қазақстандық Анна Шевченко 36-шы, Елена Коломина 54-ші орындардан көрінді. Жалпы сайысқа 62 спортшы қатысты. Өкіншке орай Валерия Туленева мәре сызығына жете алмады.

толық оқу»

ШАҢҒЫНЫ МЕҢГЕРГЕН БАЛАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Алматыда «Спорттық Алматы» бағдарламасы бойынша шаңғымен сырғанауды тегін үйреніп жүрген балалар сертификат және медалдармен марапатталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Бүгін «Звездная поляна» шаңғы тебу аланында кезекті топтар өз дайындықтарын тәмамдады. Олар 1,30 сағаттан үш күн бойы шаңғымен тебу үйреніп,дұрыс таудан түсу, бұрылу, тоқтау секілді техникаларын жіті меңгерді. Қазіргі …

толық оқу»

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Словенияның Планице қаласында шаңғы спортынан әлем кубогының кезеңі өтті. 15 км-лік классикалық жарыста отандасымыз Алексей Полторанин чемпион атанды. Бұл сайыста отандасымыз абсолютті фаборит атанды. Жарыстан басынан аяғынан дейін көшбасшы орындарда келді. Әдетінше мәре сызығы жақындағанда өзінің әлемдегі ең мықты шаңғышы екенін дәлелдей алды. Мәреге 13,2 секунд кешігіп жеткен Норвегиялық Клево …

толық оқу»

«ТУР ДЕ СКИ» — ПОЛТОРАНИН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Швейцарияның  Ленцерхайде қаласында шаңғы спортынан атақты «Тур де Ски» көпкүндігі өтуде. 15 км-лік классикалық жарыста отандасымыз Алексей Полторанин күміс жүлдегер атанды. Алексей өзінің мәреге жақындай бергендегі спринттік жылдамдығы арқылы қарсыластарының барлығын озып кетті. Жарыс барысында күшін орынды қолдана білген «классикалық әдістің шебері» екінші орыннан көріне алды. Бірінші орынды Швейцариялық Дарио …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ СПОРТЫНАН СПАРТАКИАДА ӨТУДЕ

Еліміздегі  табиғаты ең әдемі жерлердің бірі болып табылатын Алматы облысындағы Солдат шатқалында шаңғы спортынан Қазақстан Республикасының 4-ші Спартакиадасы жалауын көтерді. Алғашқы сайыстар ерлер мен әйелдер арасындағы командалық «эстафета» болды. Әйелдер арасындағы  4 х 5 км-лік еркін және классикалық әдістер бойынша эстафетада Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарынан …

толық оқу»

ЕВГЕНИЙ ВЕЛИЧКО ИТАЛИЯДА ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Евгений Величко Италияның Санта-Катерина қаласында өткен шаңғы жарысында қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды  ҚР Шаңғы  федерациясы. Халықаралық шаңғы федерациясының ұйымдастыруымен ерлер арасында 15 км қашықтықта еркін әдіс жарысы ұйымдастырылды. Оған Италия, Франция, Германия, Ресей, тағы басқа да елдерден 95 спортшы қатысты. …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде ересектер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Қазақстан чемпионаты өтті. Алматы, Алматы облысы және Шығыс Қазақстаннан келген қырыққа жуық спортшысы жарыс жолына шықты. Айта кетсек, бұл додаға ұлдар да, қыздар да қатысты. Олар шаңғымен тұғырдан секіруден (К-95) және шаңғы қоссайысынан (К-125 гундерсон 10 км.) өзара мықтыны анықтады. …

толық оқу»

АЛМАТЫДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ЖАЗҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ

Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам спортшы үстіміздегі жылдың 25-нен 30-шы қыркүйегі аралығында Алматы маңындағы «Алатау» заманауи шаңғы-биатлон кешенінің базасында өтетін, шаңғы жарысы бойынша жыл сайынғы дәстүрлі Жазғы чемпионатқа қатысады. Биылғы айтулы оқиғаның хедлайнері, Шаңғы жарысы бойынша ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері болмақ. Қазір қазақстандық спортшылар алдағы 2018 жылдың Қысқы Олимпиада Ойындарына …

толық оқу»

ПАЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ШАҢҒЫДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысып, күш сынасты. 10-15 тамыз аралығында Павлодарда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа …

толық оқу»