Басты бет / Тәг архивтері: Қазақстан ұлттық құрамасы

Тәгтер архиві: Қазақстан ұлттық құрамасы

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ЛАТВИЯ — ҚАЗАҚСТАН ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

УЕФА Ұлттар лигасының үшінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Латвия құрамасына қарсы ойын өткізеді. Кездесу бүгін, 13-ші күні Рига қаласының «Даугава» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де, ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Естеріңізге салсақ, Ұлттар лигасының екі кезеңінің нәтижесі бойынша, D лигасының 1-ші тобында Қазақстан …

толық оқу»

СТАНИМИР СТОИЛОВ: ТУРНИРЛІК КЕСТЕДЕ ӘЛІ ЕШТЕҢЕ ШЕШІЛГЕН ЖОҚ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Ұлттар лигасының кезекті турлары аясында баспасөз мәслихатын өткізді. Қазіргі таңда Ұлттық құрама Латвия мен Андорра құрамаларына қарсы ойынға дайындық үстінде. Станимир Стоилов: «Алдағы ойындарға Ұлттық құрама сапында бір ғана өзгеріс бар. Жарақат алған Еркебұлан Тұңғышбаевтың орнына «Қайраттан» Александр Соколенконы шақырттық. Сондай-ақ, Максим Федин …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҰЯЛЫ ҚОСЫМШАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Қазақстан футбол федерациясы Android және iOS базаларының құрылғыларына арналған мобильді қосымшаның іске қосылғанын хабарлайды. Қазақстан футболының барша жанкүйерлері арнайы қосымшада өзекті жаңалықтарды оқып, фото және бейне репортаждарды қарай алады. Қосымшаны Google Play және App Store ресми дүкендерінен тегін жүктеп, орнатуға болады. Дереккөз: Kff.kz

толық оқу»

ҰЛТТАР ЛИГАСЫ: ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЛАТВИЯ МЕН АНДОРРАҒА ҚАРСЫ ОЙНАЙТЫН ФУТБОЛШЫЛАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар Лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. Тізімге 24 футболшы енді: Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко (барлығы — «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Ян Вороговский, …

толық оқу»

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСКЕТБОЛШЫЛАР СЫРТ АЛАҢДА АВСТРАЛИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Австралиядан ұтылып қалды. Жасыл құрлықта өткен кездесуде біздің спортшылар 94:41 есебімен қарсыласқа жол берді. Қазақстан сапынан Александр Жигулин мен Дмитрий Гаврилов ең көп ұпай жинады. Бұл матчта Австралияның басым болуы заңды. Өйткені, әлемдік ФИБА рейтингінде австралиялықтар үздік ондыққа енеді, ал Азия және …

толық оқу»

ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АРАЛАС ЭСТАФЕТАДА РЕСЕЙ КУБОГІНІҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Коломна қаласында шорт-тректен Ресейдің ашық кубогі аяқталды. Қазақстандықтар аралас эстафетада топ жарды. Анастасия Крестова, Әлия Ким, Абзал Əжіғалиев, Әділ Ғалиахметов жəне Денис Никиша аралас эстафетада бірінші болды. Ғалиахметов жартылай финалда, ал Əжіғалиев финалда бақ сынағанын ескертеміз. Сондай-ақ, 1000 метрге жарысуда Абзал Əжіғалиев қола жүлдегер атанды. Абзалдың 500 метрлік сында екінші …

толық оқу»

АЛМАТЫДА АЛҒАШҚЫ РЕТ БАСКЕТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында алғашқы рет баскетболдан ерлер арасындағы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. Қазақстан ұлттық құрамасы F тобында өздерінен бір ұпай қалып жатқан Жапония құрамасына қарсы ойнады. Бұл тартысқа толы өткен кездесуде 85:70 есебімен қонақтар жеңіске жетіп, екі ұпайға ие болды. …

толық оқу»

БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖАПОНИЯҒА ЖОЛ БЕРДІ

Баскетболдан Қазақстан құрамасының капитаны Рустам Ерғали Жапонияға қарсы өткен ойынды қорытындылады. Еске сала кетейік, бүгін Алматыда 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу айналымының екінші кезеңі өтіп, Қазақстан мен Жапония құрамалары ойнаған болатын. Тартысты матчта қазақстандықтар Жапониядан 70:85 есебімен ұтылды. «Өте ауыр матч өткіздік. Жапония мықты команда. Біз физикалық тұрғыдан ақсадық, олардың …

толық оқу»

ЕЛ ҚҰРАМАСЫ ҰЛТТАР ЛИГАСЫНДА ТАҒЫ ДА ҰПАЙ ЖОҒАЛТТЫ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойын өткізді. Андорра-ла-Велья қаласының «Эстади Насьональ» стадионында өткен ойында, деңгейі жоғары Қазақстан құрамасы мен дәрежесінен төменірек Андорра құрамасы ойын өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Кездесу Ел құрамасының басымдылығымен басталып, бірінші таймда гол соғатын бірнеше мүмкіндіктер болды. Бірақ, …

толық оқу»

ЕЛ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СЫРТ АЛАҢДА АНДОРРАҒА ҚАРСЫ ОЙЫНЫ ТІКЕЛЕЙ КӨРСЕТІЛІМДЕ

Ұлттар лигасының екінші кезеңі аясында, Қазақстан Ұлттық құрамасы сырт алаңда Андорра құрамасына қарсы ойын өткізеді. Кездесу бүгін, 10-шы қыркүйектен 11-ші қыркүйекке қараған түні Андорра-ла-Велья қаласының «Эстади Насьональ» стадионында өтеді. Басталуы Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те, ойынды «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Естеріңізге салсақ, Ұлттар лигасының ашылу ойынында әрі бірінші кезеңінде …

толық оқу»