Еуропа лигасы топтық кезеңінің үшінші турында «Астана» өз алаңында «Маккаби Тель-Авивті» 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.
Голдардың авторлары – Патрик Твумаси мен Джуниор Кабананга. «Астананың» қос бірдей легионер ойыншысы өз еншілеріне дубль жазды.
Үш ойын қорытындысы бойынша 4 ұпай жинаған «Астана» үшінші орында келеді. «Вильярреал» (Испания) мен «Славия Прага» (Чехия) командаларында 5 ұпайдан бар.
Патрик Твумаси УЕФА таңдауымен ойындағы үздік футболшы атанды.
«Астана» 4:0 «Маккаби Тель-Авив»
Голдар: Твумаси 33′ (пен.), Твумаси 42′, Кабананга 47′, Кабананга 52′.
«Астана»: Ерич — Шомко, Аничич, Логвиненко, Шитов — Твумаси, Маевский, Бейсебеков (Тагыберген 85′), Муртазаев — Мужиков (Граховац 68′) — Кабананга.
«Маккаби Тель-Авив»: Райкович — Давидзадзе, Бабен, Бен-Хаим, Шпунгин — Йейни, Баттоккио, Перец (Рикан 46′) — Блэкмэн, Кьяртассон (Тиби 75′), Сушич (Атар 46′).
Ескерту алғандар: Мужиков 13′, Перец 33′, Блэкмен 41′, Шитов 61′.