Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтуде.
Жарыстың үшінші күні спортшыларымыз үшін өте табысты болды.
«Б» тобында сайысқа түскен Құмарбекова Гүлжан жасөспірімдер арасында 75 келіде 206 (87+119) келіні бағындырып, қола жүлдегер атанды. Аса ауыр салмақта сынға түскен Айзада Муптильда 241 (105+136) келіні бағындырып, күміс жүлде иегері атанды.
77 келі салмақта жасөспірімдер арасында 296 (136+160) келіні бағыныдырған Асылжан Бектай қола жүлде еншіледі. Ал 20 жасқа дейінгі жастар арасында Дмитрий Макеев 320 (140+180) келімен екінші орынға жайғасты.