Басты бет / Күш қолданылатын спорт түрлері / Ауыр атлетика / ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ЖАС АУЫР АТЛЕТТЕР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Непал елінің Катманду қаласында ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті

Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түсіп, 10 медаль еншіледі. Жалпы командалық есепте үшінші орындамыз.

Жастар құрамасының бапкері Бақыт Ахметов пікірімен бөлісті:

— Құрама сәтті нәтиже көрсетті. 17 жасқа дейінгі жасөспірімер үшін бұл соңғы жарыс, сол себепті болар өте жоғары деңгей көрсете алдық. Келесі жылы олар жастар арасына өтеді. Бұл жолы біз 17 жасар жасөспірімдерді жастар арасында сынға қостық. Олар өздерінен ересек спортшылармен жарысу арқылы тәжірбие жинайды.

Мысалы Анатолий Савельевке жасөспірімдер арасында тең келер ешкім болмады. Бірақ жастар арасында оған жеңіске жету үшін сәл жетпей қалды, екінші орыннан көрінді. Жас спортшылар үшін бір-екі жас аралығы үлкен роль атқарады. Келесі жылы Анатолий жақсы нәтиже көрсететініне сенемін.

Карина Кузганбаева алты мүмкіндіктің бесеуін сәтті пайдаланып, бәсекеге қабілетті екенін дәлелдей алды. Ол өте тұрақты спортшы. Бангкокте өткен әлем чемпионатында екінші, Катмандуда бірінші орын алды. Ал жастар арасында үшінші орыннан көрінді. Менің ойымша бұл өте жақсы көрсеткіш.

Бектай Асылжан бұл жолы қола алды. Бұл балада үлкен талпыныс бар, алдағы уақытта бізді жерге қаратпайды. Артем Антропов жасөспірімдер арасынан өсті және алтын медальді еш қиындықсыз жеңіп алды.

Жастарымыз да қуантты. Өзінің Халықаралық сайыстардағы дебютінде Муптильда Айзада жігерлік танытып, күміс медаль еншіледі.  Михаил Макеевтен барлығы алтын күткен болатын. Бірақ бұл жолы күміспен шеттелдік. Токиода өткен әлем чемпионаты спортшымызды кішкене шаршатып жібергені бар.

Жалпы толық құраммен бармағанымызды ескерсек, жалпы командалық есептегі үшінші орын өте жақсы нәтиже.Балалар соңына дейін күресті. Осы бағытта дайындықты үзбесек болғаны.

Сондай-ақ

ДИДАР ХАМЗА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда. Жарыстың екінші күні Дидар Хамза қола …